print

СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ОБЛЫСТЫҚ "САРЫАРҚА-2019" СПАРТАКИАДАСЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ!

...

2019 жылдың 11 - 13 шілдесі аралығында Абай ауданында ХХХІІІ "Сарыарқа - 2019" облыстық жазғы спартакиадасы өтті. Облысымызға қарасты 9 ауданның спортшылары арасында спорттың 12 түрінен өткен спартакиадада Шет ауданы құрама командасы спорт сайыстары нәтижесінде командалық есепте жүлделі ІІ - орынды иеленді. Жүлдегерлер облыстық спорт басқармасының арнайы кубок, медаль, грамоталарымен және Ақжал кентінің спортшысы, жерлесіміз Утебаев Жандос (волейбол) ең үздік ойыншы атанып, қаржылай сыйлықпен марапатталды. Биылғы жыл - біздің спортшыларымыз үшін жеңісті әрі жемісті жыл болып отыр. Осыған дейін ауданымыздың спортшы жастары күрес,жатып сырғыма көтеру, ат спорты түрлерінен командалық және жеке есепте жеңімпаз атанып, мерейімізді тасытқан болатын. Жастарға қолдау білдіріп, спортшылардың басын біріктіріп жүрген елжанды азаматтар мен Е.Құрманбаев бастаған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұжымына алғысымызды білдіріп, жүлдегерлерімізді жаңа жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 


Келулердің саны: 11


Жоғары