print

АРДАҚТЫ АРДАГЕР 105 ЖАСТА!

...

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданымыздың құрметті ақсақалы Мұқажан Ақажанұлы 105 жасқа толып отыр. Кешегі сұрапыл соғысты басынан кешіріп, бейбіт заманда ауданымыздың гүлденуіне зор үлесін қосқан ғасырдан асқан ардагерге құрмет көрсету мақсатында, аудан әкімі М.Жандәулетов бастаған әкімдік өкілдері, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Сағадиев мерейтой иесінің шаңырағына арнайы барып құттықтады. Аудан әкімі аппараты атынан сый-сияпат жасап, құттықтау хат тапсырған Марат Жандәулетұлы жүзден асқан ардагерге «Сіздердің ерліктеріңіз біздің жүрегі­мізден ешқашан өшпейді. Сол үшін шексіз алғысымызды білдіруге және ерліктеріңіз ұрпаққа әрқашан үлгі екенін айтуға арнайы келіп отырмыз. 105 тарихи жас. Сіздің сұрапыл соғыстағы ерлігіңіз тарихта алтын әріппен жазылды. Біздің бақытты өміріміз үшін күрескен ақсақалға зор денсаулық, бұдан да ұзақ ғұмыр тілейміз!» -деген ақ тілегін білдірді.


Келулердің саны: 170


Жоғары