print

Шет ауданында еліміздегі "Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері күніне" орай, аудандық медицина саласының қызметкерлеріне арналған мерекелік іс – шара ұйымдастырылып өтті

...

       Жуырда Шет ауданында еліміздегі "Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері күніне" орай, аудандық медицина саласының қызметкерлеріне арналған мерекелік іс – шара ұйымдастырылып өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі М.Жандәулетов аудандағы барша медицина қызметкерлерін алда келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, аудандық орталық аурухана директорының әдістемелік ұйымдастыру және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар істері бойынша орынбасары Д.Нұртаевқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Еңбек ардагері» медалін, Ақадыр селолық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігерлер меңгерушісі Ж.Сепбосыноваға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін, Жарық дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі дәрігері Ж.Бигалиеваға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін, аудандық орталық ауруханасының аға медбикесі Л.Жумкинаға Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатын табыстаса, Шет аудандық орталық ауруханасының медбикесі Ш. Қасымбекова, Ақадыр селолық ауруханасының лор дәрігері Қ.Мукушев аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Г. Қосылбекова, Шет аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің медбикесі Б.Айменбетова, Мойынты дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Б.Қошманованы аудан әкімінің «Құрмет» грамотасымен және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы А.Махмутова, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы А.Түсіпова, Ақжал дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибе дәрігері Д.Рахымжан аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Өз кезегінде аудандық орталық аурухананың директоры С.Примбеков барша денсаулық сақтау қызметкерлерін мерекемен құттықтап, әріптестерін орталық аурухананың «Құрмет» грамотасымен және «Алғыс хаттарымен» марапаттады. Сонымен бірге аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Алпысбаевта әріптестеріне ыстық лебізін білдірді. Ерекше құрмет пен марапатқа бөленген ақ халатты абзал жандарға арнап аудандық мәдениет үйінің әншілері ән арнап, салтанатты кештін сәнін кіргізді.

                                                    

 


Келулердің саны: 133


Жоғары