print

Өрт қауіпсіздік айлығы

Өрттің пайда болуынан адамдардың қаза болуы және жарақат алу қаупін азайту мақсатында, сондай-ақ «2019-2020 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторында өрттің алдын алу іс-шараларын жүргізу жоспарының» тармақтарына сәйкес, 2019 жылғы 15 тамыздан 15 қыркүйек аралығында Қарағанды облысының аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы» өткізілуде. Шет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және Қарағанды облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №34, 35 өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлерімен жекеменшік тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін, төмендегідей өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:

-жататын орында темекі шекпеңіздер;

-көп қуатты электр құралдарын тоқ көзіне бір уақытта қоспаңыздар;

-сымы зақымданған электр сымдар жүйесін пайдаланбаңыздар;

-қолдан жасалған тоқ тасмалдағыштарды пайдаланбаңыздар;

-киім-кешекті газдың және электр плиталардың үстінде кептірмеңіздер;

-балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер;

-тұрмыстық химиялық заттарды отқа тақалтпаңыздар;

-жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіңіздер;

- жылыту маусымы кезеңінде мұржаларды күл-қоқыстан кемінде айына          1рет тазартып тұрыңыздар;

-жанар-жағар майды от тұтатуға пайдаланбаңыздар,

-жанып жатқан пеш пен электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыздар;

-газ баллонды ауыстырғанда баллонның редуктормен герметикалық жалғауын отпен емес сабынды көбікпен тексеруіңіз қажет ;

-үйден шығарда газ және электрқұралдарын өшіріңіздер.

Құрметті аудан тұрғындары! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, бұл Сіздің үйіңізді және мүлкіңізді өрттен сақтайды, адамдардың өлімдері мен жарақаттануларын алдын алады!

                                                                                                 Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі    


Келулердің саны: 46


Жоғары