print

ШЕТ АУДАНЫНДА ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР КОНКУРСЫ ӨТТІ!

Жуырда Шет ауданында аудандық Білім бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен жас құтқарушылар конкурсы өтті. Конкурсқа аудан бойынша 15 мектеп оқушыларынан 16 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар сайыстың төрт түрінен өнер көрсетті. Атап айтқанда: жас құтқарушылар командасының өрттік дабыл бойынша жиналу және шығуы, алғашқы медициналық көмек көрсету, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және викторина, бұл конкурста әр команда қазылар алқасына барып, тестілік сұрақтарға жауап беру.

Конкурс қорытындысы бойынша 3 орынды Ақадыр кентіндегі Ю.Гагарин атындағы мектеп командасы, екінші орынды Ақсу-Аюлы ауылындағы Ж.Ақылбаев атындағы мектептің жас құтқарушылар командасы иеленсе, жүлделі бірінші орын иегері болып Ақадыр кентіндегі М.Мәметова атындағы мектеп командасы танылды.
        Жеңімпаз деп танылған М.Мәметова атындағы мектеп оқушылары алдағы уақытта өтетін облыстық «Жас құтқарушы» конкурсына қатысатын болады. Біздің жас құтқарушыларымызға облыстық сайыста сәттілік тілеп, жеңіске жетулеріне сенім білдіреміз!


Келулердің саны: 212


Жоғары