print

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына және Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың кубогына арналған ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен аудандық жекелей ашық біріншілік өтті

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына және Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың кубогына арналған ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен аудандық жекелей ашық біріншілік өтті.

          Біріншілік 2019 жылдың 30 мамыры күні Шет ауданының орталығы, Ақсу- Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында өтті.

            Жалпы басшылық Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің тарапынан жүргізіледі. Тікелей біріншілікті өткізу балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.

Жеңімпаздармен мен жүлдегерлер Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен, медальдарымен, кубоктарымен және командалық 1,2,3, орын алған командаға бағалы сыйлықтар мен марапатталды.

          Біріншілікке Ақжал, Ақадыр, Дария, Мойынты кенттерінен, Ақой, Нұраталды, Кәрім Мыңбаев ауылдық округтерінен және Ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, Шет ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Ж.Ақылбаев атындағы эксперимендалдық мектеп гимназия, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, жалпы біріншілікке 11 команда, 47 спортшы қатысты.

Жалпы жекелей ашық біріншілікте ерлер арасында Каракекілов Мұхтар 1-орын Ақадыр кенті, Абишов Елдос 2-орын Ақсу-Аюлы ауылы, Медиев Абай 3-орын Ақадыр кенті, қыздар арасында Кусайнова Гульнур 1-орын Ақсу-Аюлы ауылы, Есмахаева Назым 2-орын Ақсу-Аюлы ауылы, Құламбак Арайлым 3-орын Ақадыр кенті, ұлдар арасында ең үздік ойыншы атағын Муфтиев Асхар Нұраталды ауылы, ардагер ойыншы Аманбаев Еркен Ақадыр кенті, жігерлігі үшін Рахимжанов Жалғас Ақадыр кенті, қыздар арасында ең үздік ойыншы Кусайнова Гульнур.

 


Келулердің саны: 16


Жоғары