print

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымдағы жылдың 24 мамыры күні Шет ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, «Мемлекеттік қызметте жетістіктерге жеткен жас мемлекеттік қызметкерлер» атты пікір алмасу өткізілді. Аталмыш шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас мамандары М Орманбаев пенА. Жанабекова және Төменгі Қайрақты ауылдық округінің әкімі Д.Жакупов арнайы келіп қатысты. Кездесуге келген қонақтар жастарға өздерінің мемлекеттік қызметте жетістікке жету тарихы мен ақыл – кеңестерімен бөлісті. Еркін форматта өткен пікір – алмасуға жас мемлекеттік қызметшілер мен студенттер қатысып, қонақтарға өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, татымды жауаптар мен маңызды ақпараттар ала білді. Билікке деген сенім - халық пен билік арасына алтын көпір болып, қоғамның мұқтаж-сұрауларына икемді түрде әрекет жасай білетін мемлекеттік қызметшіден бастау алатының білеміз. Қазіргі таңда елімізде Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру жолында көптеген игі іс – шаралар өткізілуде. Осындай жаңа форматта өткен пікір - алмасуда емін – еркін әңгімелесіп, өз ойларымен бөліскен жастар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.


Келулердің саны: 177


Жоғары