print

С.Сейфуллин кентінде «Нұр – Баян» сауда үйінің ішінен аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік тегін дүкен ашылды

Ауданымызға қарасты С.Сейфуллин кентінде «Нұр – Баян» сауда үйінің ішінен аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік тегін дүкен ашылды. Аталмыш тегін дүкеннің ашылу салтанатына аудан әкімі М.Жандәулетов қатысып, қасиетті рамазан айында игі бастаманы қолдап жатқан, кент азаматтарына алғысын білдірді. Аудан орталығында осыдан 4 ай бұрын аудан әкімінің бастамасымен «Бақ» сауда үйінің ішінен әлеуметтік тегін дүкен ашылған болатын. Бүгінгі күні игі бастама С.Сейфуллин кентінде жалғасын тауып отыр. Қазіргі таңда кенттегі әлеуметтік тегін дүкенге «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» арқылы көпбалалы, аз қамтылған 11 отбасы тіркелген. Тіркеуде тұрған отбасыларға осы айда әлеуметтік көмек ретінде 1 қап картоп, бір реттік азық – түлік және киім – кешектер берілді. Жақсылыққа жасауға ұмтылып, қайырымды істі қолға алған ұйымдастырушыларға ауыл ақсақалдары ризашылығын білдіріп, мешіт имамы батасын берді.

 


Келулердің саны: 25


Жоғары