print

Шет ауданында Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай, аудандық полиция бөлімінің алаңында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған ішкі істер органы қызметкерлеріне арналған ескерткіш тақта бой көтерді

          ҚУАНЫШҚА БӨЛЕГЕН ҚОС МЕРЕКЕ АТАЛЫП ӨТТІ.

          Жуырда Шет ауданында Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай, аудандық полиция бөлімінің алаңында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған ішкі істер органы қызметкерлеріне арналған ескерткіш тақта бой көтеріп, ашылу салтанаты өтті. ашылу салтанатында аудан әкімі М.Жандәулетов пен Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қ.Ысмағұлов ескерткішке құтты болсын айтып, мереке иелеріне жылы лебіздерін білдірді. Сонымен бірге ауданымыздағы полиция бөліміне облыстық бюджеттен 2 нива автокөлігі сыйға тартылып, әрі қарай мереке аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметші және Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиынға ұласты.

Салтанатты шарада аудан әкімі М. Жандәулетов қос мерейтой иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап аудан әкімінің "Құрмет" грамотасы мен "Алғыс" хаттарды салтанатты түрде табыстады. Атап айтар болсақ мемлекеттік қызметкерлер: Б.Алпысбаев, Л.Әбішбекова, Б.Әбішева,Ұ.Дәулетов "Құрмет" грамотасын және Ж.Асқарбаев, А.Әмірханов, А. Болатов, А. Жакина,

Б.Искакова, А.Сүлейменов, Б.Таңатбай, А. Тілегенова, Ж.Тілеубергенов Алғыс хаттарға ие болды. Сонымен бірге аудандық полиция қызметкерлері:

Ә.Әлдубаев, Б. Райымбеков Құрмет грамотасымен және А.Балтабаев, М.Жағыпарова, А.Омаров, Б.Искаков, Н.Сембеков, Е.Лұқпанов, Р.Орымбеков Алғыс хаттармен марапатталды. Марапат иелерінің құрметіне аудандық мәдениет үйінің "Аюлы" триосы "Қазақ елім" әнің орындап көрермендер көңілін бір серпілтіп тастады. Әуезді әннен кейін мінбеге Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қ. Ысмағұлов көтеріліп, барша әріптестерін мерекелерімен құттықтады. Осынау мерекеге орай Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрінің бұйрығымен ішкі істер органдарында ұзақ жылғы мінсіз қызметімен қол жеткізген табыстары үшін І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» 20 жылдық медалімен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Е.Шайхы, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» 15 жылдық медалімен аудан полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полиция жүргізушісі, полиция аға сержанты Б.Сабитов,

ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» 10 жылдық медалімен аудан полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б.Искаков, Ақадыр кенттік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Е.Жақыпбеков, Шет ауданы полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Е.Іргебаев, аудан полиция бөлімшесінің ақпараттық-аналитикалық тобының технигі, полиция старшинасы С.Кошкинбаева, Ақадыр кенттіндегі полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ж.Нұржаубаев марапатталды. Аталмыш салтанатты шараға келген қонақтардың марапат алмағаны кемде кем. аудан полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Е.Құсаинов Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің грамотасымен, ауданның ПБ кезекші бөлімінің жедел кезекшісі полиция капитаны С. Тұтқышев, аудандық полиция бөлімі штабының аға инспекторы, полиция капитаны Қ.Касимова, Ақадыр кенттік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны М.Шабденов ҚР -ның ішкі істер Министрінің «Алғыс хатымен», О. Түсіпов - аудандық Полиция бөлімшесінің кезекші бөлімінің бастығы, полиция майоры, Мадияр Жанқожаұлы Игенов - Ақадыр кенттік полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция майоры, Е. Шайхы - аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Қарағанды облысының полиция Департаментінің грамотасымен марапатталды. Бұл кеште Ішкі істер органының алғашқы «Полиция лейтенанты» шені Ақадыр кенттік полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы А.Бекишеваға , қызмет өтілі барысы бойынша «Полиция майоры» шені аудандық полиция бөлімінің аға криминалисті Б. Мақтағұлов, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы А.Конкышевқа, «Полиция аға лейтенанты» шені Шет ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілдері Ә.Қасымхан мен Ә.Нұрғалиевқа «Полиция капитаны» шені Шет ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Б.Игенбековке табыс етілді. Сонымен бірге Шет ауданы ішкі істер бөлімінің ардагері Ж.Асылбек- Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі қоғамдық ардагерлер кеңесінің төрағасы,милиция генерал-майорыӨмірзақ Болсамбековтың Милиция қатарындағы қызметі үшін мерекелік медалімен марапатталды.

Бұл кеш барлық мереке иелері үшін ұмытылмас кеш болды. Мәдениет үйінің жезтаңдай әнші ұл - қыздары әуезді ән мен күмбірлеген күй төгіп, салтанатты кештің сәнін кіргізді.

 

                     

 

 


Келулердің саны: 28


Жоғары