print

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама 18.04.2016

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

         Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:

         Е-R-1 санаты үшін: Жоғары білім.
    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.
       Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
-«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсандағы №12639 болып тіркелген.

               

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Е-R-1

142411

192381

Е-G-3

69956

94108

 

«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау  к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: а kimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. «Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік, санаты Е-R-1, № 6-1):

Функционалдық міндеттері: Ауданның жер қорын пайдалану, жер ресурстарын  қорғау жөніндегі бағдарламаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру. Аудан көлеміндегі аумақтардағы құрылыс объектілері бойынша жобалау жұмыстарын, құрылыстың  ұйымдастыруларын үйлестіру, елді-мекендерде объектілердің құрылыстарын жүргізу және жобалау, бас жоспарларын қарау және келісу, оларды аудан  әкіміне тапсыру. Елді-мекендерде көгалдандыру, абаттандыру, дизайнды, күрделі жөндеу, қайта жаңарту, құрылыс ережелері және басқа да құрылыс мәселелерін реттейтін құжаттарды дайындау және жобалау және құрылыс нормаларын жетілдіру. «Жер учаскелерінің есебі» АЖ-нің жұмысын бақылау. Бөлімге басшылық жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     Білімі –  «қызмет көрсету»  мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр) немесе  “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша (агрономия) немесе “өнер“ мамандықтары бойынша (сәулет) немесе “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша (құрылыс);Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. Ақадыр кенті  әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты  Е-G-3,   

     №25-6):

       Функционалдық міндеттері: Тұрғындардан, кәсіпорын, мекемелерден келіп түскен өтініш, ұсыныс, қатынастарды Заңды талаптарға сай орындау, рәсімдеу; әлеуметтік-идеологиялық салаларға байланысты атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру; жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес мақсатында әр жанұяға әлеуметтік карта, комплекстік  бағдарлама жасау, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқару; сайлауға байланысты тиісті шараларды ұйымдастыру. Мектептердің, мәдениет үйінің, денсаулық сақтау мекемелеріне қатысты жұмыстар. Біріңғай құжатайналым жұмыстарымен айналысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

       Білімі – “қызмет көрсету»  мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс) немесе  «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

     3. Мойынты кенті әкімі аппаратының  бас маманы (1 бірлік, санаты Е- G-3, №5-2):

Функционалдық міндеттері: Әкімшілік аппаратының барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, 1-ОЛ есебін жургізу, құрылыс, сәулет тұрғын үй, коммуналдық сала бойынша жұмыстар жүргізу, халықты қабылдау мен азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Заңда белгіленген тәртіппен салықтың уақытылы жинауын ұйымдастыру, баспасөзге жазылуды уақтылы ұйымдастырып жүзеге асыру, аз қамтылған отбасыларының жәрдем ақысын алуға құжаттарын дайындауды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе  “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша немесе  “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

      4. Ақшатау кенті  әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты  Е-G-3,   №1-2):

Функционалдық міндеттері:   Кенттегі өнеркәсіп тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша құжаттарын дайындау, жұмысын жүргізу, су, жылу, тоқ беруді қадағалау. Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу және азаматтық хал-актілерін тіркеуді ұйымдастыру, халықты қабылдау мен  азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Тұрғындардың шаруа қожалықтарының шаруашылық кітаптарын ретке келтіріп, азаматтарға берілетін әр түрлі анықтамалар әзірлеу. Салық есептеуге тұрғындардың үй, жер, транспорт жайындағы тізімдерін әзірлеу. Жергілікті салықты жинап өткізіп, қадағалау. Ауыл шаруашылық жөніндегі кітаптарды нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуіне жауап береді, ауыл шаруашылық кітаптарының мәліметі бойынша округ тұрғындарының жеке меншік малдары туралы мониторнинг жасап отыру.     

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе   “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе  “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша немесе  “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

    5. Ақшатау кенті  әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты  Е-G-3,   №1-4):

Функционалдық міндеттері:   Әкімшіліктің кадрлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Конкурстық, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау, тәртіптік комиссияларының  құжаттарын дайындау, хаттамаларын жүргізу. Заңда белгілінген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу және азаматтық хал-актілерін тіркеуді ұйымдастыру, халықты қабылдау мен азаматтардың шағымдарын, арыздарымен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Аз қамтылған отбасыларымен жұмыс, олардың әлеуметтік жағдайын зерттеп, әлеуметтік қорғау бөліміне тиісті құжаттар мен ұсыныстар әзірлеу. Жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу  т.б. тұрғын үй жайындағы іс құжаттар бойынша іс-шаралар әзірлеу, коммуналдық сала бойынша жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі -  “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе   “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

6. Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік,

       санаты Е-G-3, № 12-2):

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп,  ауылшаруашылықсалаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша  жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Азаматтардың ауызша, жазбаша өтініштері бойынша тиісті шаралар белгілеп жүзеге асыру, жергілікті салықтың жиналуын қадағалау. Ауылшаруашылық кітаптарды толтыру, шаруа құрылымдарымен тығыз байланыста болу, аудандық экономика және қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік,  ауылшаруашылық салаларындағы бөлімдерге уақытында ақпараттар ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе  “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе  “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

   7. С.Сейфуллин атындағы кент әкімі аппаратының бас маманы  (1 бірлік,

    санаты Е-G- 3, № 24-4):

Функционалдық міндеттері:    Әкімнің  өкімдерінің  орындалысын  қадағалау, мектеп,  балабақша  жұмыстарын  қадағалау, білім  беру  саласы  бойынша  мониторинг жүргізіп  отыру, мемлекеттік  қызмет  көрсету жұмыстарын  жүргізу, есептерін  уақытылы тапсыру,  анықтамалар  беріп  отыру, әкімдіктің  қызметіне  жүргізілетін  рейтинг бойынша аудан   әкімдігінің кеңсе, ұйымдастыру бөлімдеріне мәліметтер уақытылы  тапсырып,   мекемелерден, аудан  орталығынан  келіп  түскен  қатынастарға, хат-хабарларға  уақытылы    жауап  беріп  отыру,  барлық   деңгейдегі  сайлау  жұмыстарын  жүргізіп  отыру.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 Білімі – “білім” мамандықтары бойынша немесе  «гуманитарлық ғылымдары» мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

8. Талды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік,

         санаты Е-G-3,  № 16-3):

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спортсалаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу. ЭҚЖ жүйесімен және сайлаушылар тізімімен үнемі жұмыс жасау. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне балалар жәрдемақысына, атаулы әлеуметтік  көмек алатын адамдардың құжаттарын әзірлеу. Әскерге шақырылатындармен жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     Білімі - “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “білім” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

     9. Ортау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік,  

          санаты Е-G-3, №15-3): 

Функционалдық міндеттері: Ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спортсалаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе  “білім” мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 


Келулердің саны: 3595


Жоғары