print

Аудан әкімі М.Жандәулетов арнайы іс-сапар барысымен Ақжал кентінде болып қайтты

Жуырда аудан әкімі М.Жандәулетов арнайы іссапар барысымен Ақжал кентінде болып қайтты. Аудан басшысы алдымен заманауи үлгіде спортшыларға қолайлы етіп салынған спорт алаңын көріп, ризашылығын білдірді. Айта кетелік, бұл спорт алаңын кенттегі ірі "Ново Цинк" ЖШС мекемесі өз қаражатына салып беріп отыр. Сонымен бірге аталмыш кәсіпорын Алматы - Екатеринбург тас жолынан Ақжалға кіре беріс 12 шақырым жолды жаңарту жұмыстарын таяу арада қолға алмақ. Кенттің өсіп - өркендеуіне қомақты үлесін қосып, игі істерге мұрындық болып отырған "Ново Цинк" кәсіпорнының директоры Асан Сүйіндік Юржанұлына кент тұрғындарының алғысы шексіз. Кейінгі жылдары Ақжал кентіне жергілікті бюджет қаражатынан да көптеген жұмыстар жасалынуда. Былтырғы жылдары кент көшелерінің жолдары жөнделіп, жарық шамдар орнатылса, биылғы жылы орталық көшеге жаяу жүргіншілерге арналған тас төсеніштер (брусчатка) салу жұмыстары басталуда. Бүгінгі күні құрылыс материалдары жеткізілген. Және жуық арада кенттегі жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осындай ел игілігіне арналған жарамды жұмыстардың біршамасын аралаған аудан әкімі кент әкіміне жұмыстың сапасына мән беріп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

 


Келулердің саны: 49


Жоғары