print

АСТАНА КҮНІ - АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА АТАЛЫП ӨТТІ!

Астана - барша әлем сүйсініп, дүйім қазақ мақтан қылған мемлекетіміздің бас қаласы. Жылдан жылға қанатын кенге жайып гүлденіп келе жатқан 21 жастағы жас қаламыздың туған күнін тойлау қазақстандықтар үшін дәстүрге айналған.Шет ауданы халқы биылғы жылы да Астана күні мерекесін әдеттегідей аса жоғары дайындықпен қарсы алды. Аудан орталығындағы саябақта «Ел астанасы-Нұр-Сұлтан» атты мәдени көпшілік шара өткізілді. Мерекелік шарада аудан әкімі Марат Жандәулетұлы тұрғындарды Елорда күнімен құттықтап, аудан бойынша 11 "Алтын белгі" иегерлерін бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар, биылғы «Жастар жылы» аясында аудандағы шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында аудан бойынша 15 жас кәсіпкерге берілген аудан әкімінің 5 000 000 теңге гранттары сертификаттарын көпшілік алдында салтанатты түрде табыстады. Марапаттау рәсімінен кейін аудан орталығындағы 2 балабақшаның балалары осы мереке орай өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын көрермен болып отырған ата – әжелеріне сыйға тартты. Қуанышты көңіл күймен басталған мерекеде мәдени - сауық ұйымдастыру орталығының өнерпаздары күмбірлете күй шертіп, құйқылжыта ән салып, мың бұрала би биледі. Сонымен бірге бұл күні көпшіліктің қатысуымен спорттық ойындар арқан тарту, асық ату және қыздар арасында секіртпе (скакалка) сияқты спорттық ойындар өткізіліп, сауда - саттық жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Аудандық орталық кітапхана ұжымының Елбасына арнап дайындаған «Тарихи тұлға», «Астана – мәңгілік елдің арқауы» атты кітап көрмелері мен «Аспан–алақанындағы Астана» атты жазғы кітапхана шығарылып, қала тарихына байланысты викториналық ойындар жүргізілді. Және де аудандағы 2 балабақшаның балаларының дайындаған өнер көрмесі көрсетілді. Астана күнінің басты айта кетер тағы бір қуанышы, осы мереке қарсаңында көпбалалы аз қамтылған 2 отбасыға аудандағы ірі кәсіпкерлер Б.Мұсаханов пен Е.Байженов жаңа баспананың кілтін табыстады. Нақтырақ айтсақ, жерлесіміз Ерлан Байженов 4 баласы бар Өміржан Алдабергеновтың отбасына өз қаражатынан 5 млн теңгеге, ірі кәсіпкер, меценат Бауыржан Мұсаханов 6 баланың әкесі Ахметов Жанаттың отбасына 7 млн. теңгеге баспана алып берді. Осыған орай аудан әкімі баспаналы болған отбасыларға құтты болсын айтып, мерекелік сый сияпаттар мен жаңа қонысқа тұрмыстық заттарды сыйға тартты. Мерейлі мерекеде қайырымдылық акциясы да назардан тыс қалған жоқ. Аудан орталығындағы әлеуметтік тегін дүкенге тіркелген 19 көпбалалы отбасыға мерекелік тәттілер мен азық – түлік, киім – кешек, аяқ киімдер берілді. Осындай мерекелік іс-шаралар: дөңгелек үстел отырыстары, мерекелік концерттер, спорт жарыстары қайырымдылық акциялары ауданның барлық елді мекендерінде өткізілді.


Келулердің саны: 29


Жоғары