print

Аудан әкімі М.Жандәулетов Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Ақтөбе бөлімшесінде арнайы іссапармен барып, жергілікті тұрғындармен жүздесіп қайтты

Жуырда аудан әкімі М.Жандәулетов Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Ақтөбе бөлімшесінде арнайы іссапармен барып, жергілікті тұрғындармен жүздесіп қайтты.

Биылғы жылы бөлімшедегі бастауыш мектепте небәрі 3 оқушы қалуына байланысты мектепті жабуға ауыл азаматтарынан ұсыныс түскен болатын. Осыған орай, жергілікті тұрғындармен сұхбаттасып, бірауыздан келіскен келісім және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1256 қаулысына сәйкес «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативі» бойынша бала санының азаюына байланысты мектепті жабуға шешім қабылдады. Кездесу барысында тұрғындар аудан әкіміне басқа да жол, жарықшам орнату, көпірді қалыпқа келтіру сынды мәселелерді шешуге көмектесуді сұрады. Тұрғындар өтінішіне құлақ асқан аудан басшысы жуық аралықта ауыл көшесіне жарықшамдар орнатып, жолды қалыпқа келтіруге және көпірді жаңартып беруге көмектесетінің жеткізді. Сонымен бірге жабылған мектеп ғимараты сақталып, қажет болған жағдайда қайта қолданысқа берілетін болады.


Келулердің саны: 180


Жоғары