print

Шет ауданында «31 мамыр саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай, аудан орталығындағы қуғын – сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алаңында еске алу митингісі өткізілді

Митингіде аудан әкімі М.Жандәулетов сөз сөйлеп, «сонау аласапыран жылдарда жазықсыз жапа шегіп, құрбан болған аудан азаматтарын еске алып тұру біздің басты парызымыз» деді. Мұнан соң ҚР Жазушылар Одағының басқарма мүшесі,мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері,жазушы Кәмел Жүністегі сөз алып, зобалаң жылдар тарихына тоқтала кетті. Сонымен бірге ауданымызда Қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың діни, әлеуметтік, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру мақсатында өткізіліп жатқан «Ақ орамал» акциясы бойынша апа – әжелеріміз және ауыл ақсақалдары мен аудан тұрғындары еске алу митингісіне арнайы келіп қатысты. Шара соңында марқұм болған аруақтардың рухына арнап аудандық Жаңғұтты би мешітінің бас имамы Берік Алпысбайұлы құран бағыштады. Жалпы Шет ауданы бойынша барлық елді – мекендерде қуғын – сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс – шаралар өткізілуде. Мәселен Ақой ауылында аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Карлаг құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш тақта ашылса, осы күн қарсаңында Айғыржал ауылының 1989 жылы мектеп бітірген түлектерінің демеушілігімен Айғыржал ауылында Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің құрметіне ескерткіш орнатылып отыр.  «Өткенін ұмытқан ұлттың болашағы да жоқ» -демекші , тарихынды ұмытпау, асылдарынды ұлықтау әр бір азаматтың қастерлі борышы саналмақ.

 

                                          

 

 


Келулердің саны: 188


Жоғары