print

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Шет ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру 18.04.2016

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Шет ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

         Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:

       Е-1 санаты үшін:  Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
     Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

        -«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде  2015 жылы 30 желтоқсандағы №12639 болып тіркелген.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

Е-1

156 314

203 208

 

«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау  к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: а kimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды.

«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ аудан әкімінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, автожолдар, көлік байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары  (1 бірлік, санаты Е-1, №1-1):

       Функционалдық міндеттері: Төтенше жағдайлар, жұмылдыру жұмысы мәселелері, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, ауданның қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, индустриалдық-инновациялық саясатты іске асыру мәселелері. Өндірістік саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, монополистік қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру. Аудандық телекоммуникация торабы, темір жол кәсіпорындары, мұнай базалары, өрт сөндіру мекемелерімен мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімді жұмыс механизмдерін заңдылықтарға сәйкес жүргізу. Жетекшілікке алынған мекеме, кәсіпорындар мен бөлімдердің жұмыстарын жетілдіру, салалар бойынша құрылған аудан әкімі жанындағы комиссия отырыстарын шақырып, төрағалық ету.Әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалу барысын қадағалау. Азаматтық қорғаныс, әскери басқару құжаттарын әр түрлі дәрежедегі дайындыққа келтіру, мемлекеттік құпия құжаттарды жүргізуге басшылық жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     Білімі:  “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.  

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс бойынша Б корпусының «Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ аудан әкімінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, автожолдар, көлік байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасарына үміткерлер  (1 бірлік, санаты Е-1, №1-1):  

 

Мұхтаров Мухит Сайлауұлы

 

Қасым Есенбай Бейсенбайұлы 

 

Мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс бойынша Б корпусының «Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ аудан әкімінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, автожолдар, көлік байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасарының жінімпазы Мұхтаров Мухит Сайлауұлы.


Келулердің саны: 3667


Жоғары