print

Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті

Егеменді еліміздің барлық жеткен жетістіктері Конституциямыз бен соны негізге ала отырып дайындалған заңдар арқылы келді. 1995 жылы барша қазақстандықтардың дауыс беруі арқылы өткізілген референдум негізінде қабылданған Ата Заңымыз жаңа қоғам, жаңа экономика мен тәуелсіз мемлекет орнатуға ықпалын тигізді. Бүгінгі таңда еліміз Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында, жаңа белестерді бағындыру жолында «Қазақстан - 2050» Стратегиясы алға қойған дамыған отыз елдің санатына қосылу міндетін орындау мақсатында дамудың биіктеріне бағдар ұстауда.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада Тәуелсіз еліміздің Әнұраны шырқалған соң, аудан әкімі М.Жандәулетов жиналған қауымды Конституция күні мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Еселі еңбектерімен ауданымыздың құқық саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті. Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен аудан прокуратурасының аға прокуроры Е.Молдабеков, аудандық соттың бас маманы, сот отырысының хатшысы Г.Темірбекова, аудандық полиция бөлімі қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыптаушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторы бастығының орынбасары, полиция капитаны Д.Рзықбай, аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция тобының полицейі, полиция аға сержанты Б.Аяпбергеновтер марапатталса, аудан әкімінің Алғыс хатымен аудандық соттың бас маманы, сот отырысының хатшысы А.Түсіпбекова, аудан прокуратурасының кеңсе меңгерушісі Т.Есенгелді, аудан прокуратурасының қызметкері А.Баймұрынова, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік                                                           полиция инспекторы, полиция капитаны М.Дүйсембаев, аудандық полиция бөлімі кезекші бөлімінің жедел кезекшісінің көмекшісі, полиция старшинасы Р.Медеуов, аудандық полиция бөлімі С.Сейфуллин атындағы кентінің полиция бөлімшесінің кезекші-көмекшісі М.Акижанов, аудан әкімі аппараты кеңсе бөлімінің іс жүргізуші-инспекторы Н.Дангуловтар марапатталды.

Шара соңы аудандық мәдени-сауық орталығының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласып, көркемөнерпаздар ұжымы аудан жұртшылығына әсем әндер мен күмбірлеген күйден, мың бұралған биден шашу шашты.

 


Келулердің саны: 44


Жоғары