print

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама 02.04.2016 жыл

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама

 Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-4 санаты үшін: Жоғары білім. Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 

E-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

E-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 

E-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-4

77452

104935

E-R-4

73288

99106

E-G-3

     69956

     94108

E-G-4

62462

84115

 

«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау  к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: а kimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

 

        1. «Шет ауданы әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің  кеңсе бөлімінің бас маманы (1 бірлік, санаты Е-4, №9-2,  2017 жылдың 1 қаңтарына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне  арналған демалыс мерзіміне):

       Функционалдық міндеттері: Іс қағаздардың айналымына бақылау жасау, әкім аппаратына келіп-түскен құжаттарды және азаматтардың өтініштерін тіркеу мен есепке алу, талдау жасау. Аудандық бөлімдер мен ауылдық округтері мен кенттер әкімі аппараттарының 1-ОЛ есебін жинақтап, жүргізу, Аудан әкімі аппаратына орыс тілінде келіп түскен хаттар мен өтініштерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару. «Электронды құжат айналымының біріңғай жүйесі», және «Мұрағаттау» АЖ-нің жұмысын үйлестіру. Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін кеңейтілген аппарат отырысының хаттамасын жазу мен тапсырмалардың орындалысын жинау.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (аударма ісі) немесе “білім” мамандықтары бойынша (орыс тілі және орыс әдебиеті) немесе “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

       2. «Шет ауданының білім   бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-R-4, № 7-1-2):

        Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін, оның ресурстық қамтамасыз етілуін, оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды іске асыруды ұйымдастыру. Білім беру мекемелеріндегі компьютерлік техниканы, Интенерент желісіне қосылуды  қадағалау. Жаңа модификациялы дәрісханалар туралы мәліметтер жинақтау, жұмысын қадағалау. «e-learning» электронды оқыту жүйесін енгізу және қадағалау. ҚР жалпыға бірдей оқу заңының орындалысын қадағалау. Статистикалық есептердің регион бойынша жүргізілуін қадағалау. Мектептерде МАБ, ҰБТ жұмыстарының өтілуіне аймақ бойынша бақылау жасау.  Оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру қадағалау. Мектеп бітірушілердің жұмысқа орналастыруын қадағалау.Бөлімге қатысты аудан әкімдігінің қаулыларын әзірлеу, бөлім басшысының қызмет бабындағы бұйрықтарының Заңдылықтарын қадағалау және мемлекеттік сатып алумен айналысу.  

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

        Білімі –“білім” мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

        3. «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-R-4, № 7-1-3):

        Функционалдық міндеттері: Балаларды асырап алу мен қамқоршы тағайындау жөніндегі құжаттарды жүргізу. Ішкі істер бөліміне қылмыс жасаған жасөспірімдер туралы есебін жүргізу. Оқушылар тарапынан болған қылмыс туралы мәліметтер жиынтығын жасау. Білім беру мекемелерінде құқықтық оқуды ұйымдастыру. Балалар құқығын қорғау және тағы басқа шараларды ұйымдастыру.

  Бөлімге қатысты аудан әкімдігінің қаулыларын әзірлеу, бөлім басшысының     

  қызмет бабындағы бұйрықтарының Заңдылықтарын қадағалау және мемлекеттік    

  сатып алумен айналысу.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

        Білімі –“білім” мамандықтары бойынша немесе  “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану);Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

        4. «Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-R-4, № 1-5):

        Функционалдық міндеттері: Жер қатынастары саласына қатысты жұмыстарды  үйлестіру. Мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алуды түсіндіру. Болжау-жоспарлау  жұмыстарына қатысып, дайындалуына ықпал көрсету. Мекеме басшысының бұйрықтарын дайыңдап, қадағалау. Мемлекеттік қызмет көрсетуді стандартқа сай үйлестіріп, жүргізу. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық ақпараттар беру. Елді-мекендерде көгалдандыру, абаттандыру, дизайнды, күрделі жөндеу, қайта жаңарту, құрылыс ережелері және басқа да құрылыс мәселелерін реттейтін құжаттарды дайындау және жобалау және құрылыс нормаларын жетілдіру; аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес барлық құрылыс түрлері үшін бекітілген жобалық құжаттар негізінде жер учаскелерін бөлу; пайдалануға берілетін нысандарды (комплекстерді) заңға сәйкес қабылдау және тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру;

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

        Білімі - «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр) немесе  «өнер» мамандықтары бойынша (сәулет) немесе  «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс);Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

         5. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-R-4, № 1-1):

          Функционалдық міндеттері: Аудан бойынша дене шынықтыру және спорт жұмыстарының жылдық күнтізбелік жоспарлардын жасау, өтетін дене шынықтыру, спорт жарыстарын ережелерін бекітіп уақытында өтуін қадағалау және жүзеге асыру. Аудандық, облыстық спартакиядаларды ұйымдастыру және өткізу. Білім беру ұйымдарында тәрдиенің кешенді бағдарламасының орындалуына бақылау жасау, АӘД және еңбек пәндерінің жүргізілуіне басшылық жасау.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 Білімі – «білім» мамандықтары бойынша (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру);Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

        6. «Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-R-4, № 2-1-2):

          Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи–мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңдарының, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету, іс-шараларын әзірлеу.  Ауданда мәдениет саласының даму барысын зерделеу, кітапхана, ауыл клубтарының жұмысына сараптама жүргізу.Аудан әкімінің мәдениет саласы бойынша іс-әрекет жоспарын әзірлеу.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

       Білімі – «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (тарих, мәдениеттану) немесе «өнер» мамандықтары бойынша (өнертану) немесе  «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (кітапхана ісі) немесе «білім» мамандықтары бойынша (музыкалық білім);Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

        7. «Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы  ( 1 бірлік, санаты Е-R-4, № 10-4):

          Функционалдық міндеттері: Орта және шағын кәсіпкерлік саласында тоқтап тұрған құрылымдармен жұмыс жүргізеді. Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдары бойынша, тауар айналымына мониторинг жүргізеді, талдау жасайды және дамытуға бағытталған ұсыныстар жасайды. Аудан аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар бойынша мониторинг жүргізеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жобаларды іздестіреді, олардың жүзеге асырылуына жұмыстар жүргізеді. «Бизнестің жол картасы – 2020»  бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында берілетің грант құжаттарың қабылдайды, оларды облыстық кәсіпкерлік басқармасына тапсырады. Аудан әкімдігінің ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін грантқа үміткерлердің құжаттарын жинайды, комиссия қарауына ұсынады. Грант аясында жүзеге асырылатын жобалардың орындалысын бақылауға алады, қаржының мақсатты жұмсалуына қадағалау жасайды. Ауданның кәсіпкерлік саласында үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуына жұмыстар жүргізеді.  Азаматтардың өтініштерін уақытылы тексеріп, жауабын беру жүктеледі.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

           Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары  бойынша;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

8. Ақжал кенті  әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №2-4):

 Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Кәсіпорын, коммуналдық шаруашылық, тұрғындардың әлеуметтік жағдайымен шұғылдану, өкім-шешімдер дайындау, ақсақалдар кеңесімен жұмыс атқару. Кент аппаратының кадрлар жұмысы, конкурс  құжаттарын әзірлеу, мемлекеттік аттестацияға құжаттарды дайындау, қызмет өтілі, комиссия жұмыстарына қатысты құжаттарды әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.   

9. Ақжал кенті  әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №2-5):

 Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру,  Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу, азаматтық хал актілерін тіркеу, хаттамаларды дайындау, кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу, шаруашылық кітаптарын жүргізу, сайлау жұмыстарымен шұғылдану, денсаулық сақтау саласымен, әйелдер кеңесімен жұмыс жасау. Ауыл шаруашылық жөніндегі кітаптарды нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуіне жауап береді, ауыл шаруашылық кітаптарының мәліметі бойынша округ тұрғындарының жеке меншік малдары туралы мониторнинг жасап отыру.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     Білімі – “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе  “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

      10. Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G-3,  №6-6):

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі бойынша азаматтардың сұранысы бойынша әр түрлі анықтамалар дұрыс әзірлеу, ауылдық округіндегі шаруашылық кітаптарын дұрыс толтырып жүргізуді жүзеге асыру. Ауылдық округі әкімі тарапынан берілген әр түрлі тапсырыстарды жүзеге асыру, өтініштермен жұмыс жүргізу. Сайлаушылар тізімдерімен тұрақты жұмыс жүргізу. Уақытша келіп-кеткендердің кітабын жүргізу, жылдық жан, мал санағын жүргізу, жылдық статистикалық есеп жүргізу, ардақты аналардың награда құжаттарын әзірлеу, өтініштер бойынша 1-ОЛ есебін беру.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - “әлеуметтік ғылымдары” мамандықтары бойынша немесе  “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

     11. Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік,

санаты  Е-G-3, №6-9):

Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, халықты қабылдау мен  азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру, кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу, анықтама беру,  әлеуметтік сала бөлімдері білім беру мекемелері мен ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамытуды, кітапхана, пошта, жастар кеңесімен жұмыс жасау. Бухгалтерлік есеп жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі - “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

      12. Ақсу-Аюлы ауылдық округі  әкімі аппаратының бас  маманы (1 бірлік, санаты  Е-G-3, №6-11):

Функционалдық міндеттері: Құжаттардың, жоспарлы іс-шаралардың дер кезінде әрі сапалы орындалуына дұрыс әрі жедел іс жүргізуге, мұрағат ісі мен анықтамалық – жүйелік жұмыстың тиісті атқарылуын қамтамасыз етеді. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деркқорына азаматтық хал актілерін тіркеу жөнінде ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Туғандардың уақытында және толық тіркеуіне жауапты. Азаматтық хал актілерін тіркеу сұрақтары бойынша азаматтардың қабылдауын жүргізеді. ХҚКО-нан түскен жүгінулердің уақытылы орындалуын қаматамасыз етеді.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Білімі - “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

13. Дәрия кенті  әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №3-3):

 Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, халықты қабылдау мен  азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру, кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу, анықтама беру,  әлеуметтік сала бөлімдері білім беру мекемелері мен ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамытуды, кітапхана, пошта, жастар кеңесімен жұмыс жасау.     

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     Білімі – “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе  “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

14. Дәрия кенті  (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №3-4) және Тағылы (санаты Е-G-3, № 17-4, 1 бірлік), Төмеңгі Қайрақты (санаты Е-G-3, № 21-4, 1 бірлік), Бұрма (санаты Е-G-3, № 8-4, 1 бірлік) ауылдық округі әкімі аппараттарының бас мамандары:   

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылық жөніндегі кітаптарды нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуіне жауап береді, ауыл шаруашылық кітаптарының мәліметі бойынша округ тұрғындарының жеке меншік малдары туралы мониторинг жасап отыру. Азаматтарға берілетін әр түрлі анықтамалар әзірлеу. Салық есептеуге тұрғындардың үй, жер, транспорт жайындағы тізімдерін әзірлеу. Жергілікті салықты жинап өткізіп, қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Білімі – “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша немесе “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе  “ветеринария” мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.       

       15. К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының бас  маманы (1 бірлік, санаты  Е-G-3, №23-2):

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп,  ауылшаруашылықсалаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша  жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар, әкімнің өкімдері мен шешімдерін әзірлеу, ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасын аудандық мұрағатпен бекітіп, хат-хабарлармен жұмыстар жүргізу. Азаматтардың ауызша, жазбаша өтініштері бойынша тиісті шаралар белгілеп жүзеге асыру, жергілікті салықтың жиналуын қадағалау. Ауылдық округте тоқсан сайынғы шығарылатын рейтингі қорытындысын әзірлеу. Жиналған салықтардың тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерін әзірлеу. Ауылшаруашылық кітаптарды толтыру, шаруа құрылымдарымен тығыз байланыста болу, аудандық экономика және қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік,  ауылшаруашылық салаларындағы бөлімдерге уақытында ақпараттар ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.   

     16. К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының бас  маманы (1 бірлік, санаты  Е-G-3, №23-3):

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спортсалаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу. ЭҚЖ жүйесімен және сайлаушылар тізімімен үнемі жұмыс жасау. «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елді мекенді дамыту мақсатында жоспар әзірлеу оның орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округінде өткізілетін тұрғындар жиналысын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын атқару. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне балалар жәрдемақысына, атаулы әлеуметтік  көмек алатын адамдардың құжаттарын әзірлеу. Әскерге шақырылатындармен жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “білім” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

        17. Өспен (1 бірлік, санаты  Е-G-4, №14-6), Киікті (1 бірлік, санаты  Е-G-4, №22-4) ауылдық округі әкімі аппараттарының жетекші мамандары:

        Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің өнеркәсіп тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша құжаттарын дайындау, жұмысын жүргізу, су, жылу, тоқ беруді қадағалау. Білім, дене шынықтыру және спортсалаларына қатысты жұмыстарды  үйлестіру, ұйымдастыру. Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу және азаматтық хал-актілерін тіркеуді жүргізу, халықты қабылдау мен  азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Тұрғындардың шаруа қожалықтарының шаруашылық кітаптарын ретке келтіріп, азаматтарға берілетін әр түрлі анықтамалар әзірлеу.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Білімі - “білім” мамандықтары бойынша, “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе  “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша немесе “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050»  Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудЫ өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Келулердің саны: 3651


Жоғары