print

Қарапайым заттар экономикасы: тұрақты дамудың жолы

...

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуды тапсырған болатын. Бүгінде аталмыш жобаны жүзеге асырудың заң жүзінде тетігі шешіліп, ел қазынасынан 600 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Бағдарлама аясында 365 тауар өндіру түріне, оның ішінде, 118 азық-түлікке және халық тұтынатын 247 тауарға жеңілдетілген несие беріледі. Мұндағы жеңілдетілген қарыздың жылдық мөлшерлемесі – 8%, ал несиелеу мерзімі – 7 жыл. «Агроөнеркәсіп», «азық-түлік өндірісі», «жеңіл өнеркәсіп», «жиһаз және үй тауарлары өндірісі» мен «құрылыс материалдары» саласы – жеңілдетілген несие алуға қолайлы, басым жобалар болып саналады. Кәсіпкерлерді жергілікті жерде қаржылай қолдауға «Халық Банк», «Сбербанк», «АТФбанк», «ForteBank», «Цеснабанк», «Еurasion Bank» филиалдары қатысып, жеңілдетілген несиеге жетуге қолайлы жағдай жасайды. Несиелер инвестициялық мақсатқа, яғни, жаңа өндіріс көзін ашып, дамытуға немесе жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды кеңейтуге бағытталады.

Туындаған сұрақтарға келесі мекенжайлар бойынша жауап алуға болады:

«Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай көшесі, 10, тел.: +7 (71031) 50-8-44

«Шет ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай көшесі, 141а, тел.: +7 (71031) 21-4-46

«Атамекен»ҰКП Шет аудандық филиалы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай көшесі, 141а, тел.: +7 (71031) 21-6-41


Келулердің саны: 303


Жоғары