print

Шет аудандық Мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы №20/166 «Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:   

  1. Шет аудандық Мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы №20/166

«Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4684 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірдегі №16 (10688) «Шет Шұғыласы» газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 19 сәуірінде электронды түрде жарияланған ), келесі өзгеріс енгізілсін:

         1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

       Шет ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.

         2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Келулердің саны: 80


Жоғары