print

Цифрлық қызмет орталығы ашылды

...

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Сіздерге Қарағанды қаласындағы Жамбыл көшесі, 2 мекенжайы бойынша цифрлық қызмет орталығының ашылғанын хабарлайды. Қажетті қызметтерді азаматтар Цифрлық қызмет орталығынан өз бетінше, оператордың көмегінсіз ала алады. Сондай-ақ, орталықта зал бар, мұнда келушілер өзінің цифрлық сауаттылығы деңгейін көтере алады, сонымен бірге тілек білдірушілер үшін мемлекеттік орган басшыларына сұрақ қоятын бейне-кабинка бар, мұнда клиенттер бейнежүгінуге жазыла алады.      

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде, Цифрлық қызмет орталығының және фронт-офис қызметкерлері халыққа мемқызметті өз бетінше алуға үйретеді. Қызмет алушылардың мәліметіне, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер тізілімінде 742 мемлекеттік қызмет бар, соның ішіндегі 531-іне egov.kz электрондық порталы арқылы қол жеткізуге болады.


Келулердің саны: 87


Жоғары