print

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы « Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарламасы

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

         E-R-4 санаты үшін : Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

       Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

       Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

         E-G-3 санаты үшін: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

        Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс

тәжірибесі талап етілмейді.

         E-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

       Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

       Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: a.altynbekova@karaganda-region.gov.kz,) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

  • «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маманы (1 бірлік, санаты Е-R-4, № 1-4).

         Функционалдық міндеттері:Иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау,жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.Жер кодексінің 43 бабына сәйкес жұмыс органының жұмысын атқару, жер комиссиясының хатшысының жұмысын атқару, заңды және жеке тұлғалар жер комиссиясының шешімімен келіспей, сотқа шағым жасаған кезде, сотқа кері байланыс жазып, сотқа қатысу, заңдылығын дәлелдеу.Мемлекет меншігіндегі жер учаскесі ұзартып сатылған кезде төлеу мерзімін қарап, бюджетке қаражат түсуін қадағалау, төлемеген кезде ескерту жазып, жіберу және төлер алдында айыппұлын санап, төлету.ҚР Салық кодексіне сәйкес меншікке және жалға берілген жер учаскелерінің жылдық жер салығын және жердің жалгерлік есебін есептеу.Жер қатынастары бөлімінің сайтына бос жерлер туралы және жер заңнамасындағы өзгерулер, ерекшеліктер туралы ақпараттарды уақытылы енгізу.Жер кодексінің 43 бабының 10 тармағына сәйкес жер учаскелерін толықтай рәсімделмеген жер пайдаланушыларды анықтап, оларды жергілікті газетке жария етіп, жер учаскесiн пайдалануға жол бермеу, әкімшілік жауапқа тарту үшін жұмыстар жүргізу.Заң аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, уақытылы жауабын беру. Мемлекеттік қызмет көрсетуді стандартқа сай үйлестіріп, жүргізу. Мемлекеттік мекеменің шығарылған құжаттарының қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігін қадағалау.ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілетін жерлердің аудандық кезекті сызбасын (дежурная карта) жүргізу. Жер пайдаланушылардың өтініштері негізінде жер учаскесі берілетін жағдайда аудандық жер беру жөніндегі комиссиясының қорытындысын дайындау. Облыстық жер қатынастары басқармасына, прокуратураға, жер инспекциясына тұрақты түрде ақпарат дайындап, уақытылы жіберу.Құқықтық, кадр істері жұмыстарын жүргізу.WTO электрондық құжат айналым жүйесімен түскен сұраныс хаттарға уақытында жауап беру. Аудан көлемінде «Е-лицензиялау», «Е-Қызмет» акпараттық жүйелерімен жұмыс жүргізу.Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Білімі : Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «Қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (кадастр), «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру), «Құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімдерге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.         2. Дәрия кенті әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G-3, № 3-1 ).Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Кәсіпорын, коммуналдық шаруашылық, тұрғындардың әлеуметтік жағдайымен шұғылдану, өкім-шешімдер дайындау, ақсақалдар кеңесімен жұмыс атқару. Кент аппаратының кадрлар жұмысы, конкурс құжаттарын әзірлеу, мемлекеттік аттестацияға құжаттарды дайындау, қызмет өтілі, комиссия жұмыстарына қатысты құжаттарды әзірлеу.Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі : Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі “әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша,   «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша) білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.         3. Сәкен   Сейфуллин   атындағыкент   әкімі аппаратының жетекші   маманы ( 1 бірлік, санаты Е-G-4, № 24-7 ).Функционалдық міндеттері:   Кенттегі өнеркәсіп тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша құжаттарын дайындау, жұмысын жүргізу, су, жылу, тоқ беруді қадағалау. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Білім, дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарды үйлестіру, ұйымдастыру. Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу және азаматтық хал-актілерін тіркеуді жүргізу, халықты қабылдау мен азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Тұрғындардың шаруа қожалықтарының шаруашылық кітаптарын ретке келтіріп, азаматтарға берілетін әр түрлі анықтамалар әзірлеу. Салық есептеуге тұрғындардың үй, жер, транспорт жайындағы тізімдерін әзірлеу. Жергілікті салықты жинап өткізіп, қадағалау. Ауыл шаруашылық жөніндегі кітаптарды нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуіне жауап береді, ауыл шаруашылық кітаптарының мәліметі бойынша округ тұрғындарының жеке меншік малдары туралы мониторинг жасап отыру.       Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:       Білімі : Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі “білім” мамандықтары бойынша, “әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша, “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология, зоотехния), “қызмет көрсету” мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс) немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша, «қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша (салалар бойынша), «ауылшаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қызмет көрсету және жөндеу, зоотехния) білім. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:1) осы хабарландырудың №1 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;2) осы хабарландырудың №2 қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен бекітілген нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.   Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;   4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;   5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);   6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;   7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);   8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-не құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.Құжаттар электронды «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-не электрондық почтасы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік органның басшылығының келісімімен, конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.          Нысан    ӨтінішМені___________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.   Қоса берілген құжаттар:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Мекен жайы және байланыстелефоны_____________________________________________________________________________________________________________            ____________________________________(қолы)                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))«___»_______________ 20 __ ж.                                                                                                                                    Нысан «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІКЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»    

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

min

max

E-R-4

95245

128834

E-G-3

90874

122392

E-G-4

81212

109279

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 
 

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 
 

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 
 

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 
 

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 
 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 
 

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 
 

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 
 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

       

Келулердің саны: 257


Жоғары