voting
print

Бала қауіпсіздігі басты назарымызда болуы тиіс

Жылдың басынан Қарағанды облысында көп қабатты тұрғын үй терезелері мен білім нысандарынан адамдардың құлап кету оқиғалары орын алуда. Аталған оқиғалар Қарағанды (4) және Жезқазған (1) қалаларында тіркелген. Зардап шегушілердің негізгі бөлігі 2 ден 7 жасқа дейінгі балаларды құрайды.

Негізінен қайғылы жағдайдың орын алу себебі, ол балалардың абайсыздығы, ата-аналардың оларды қараусыз қалдыруы болып отыр.

Сол себептен құтқарушылар барлық ата-аналарды балаларға мұқият қарап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Бала өзіңе төніп тұрған қауіпті дұрыс бағамдай алмайды. Сондықтан, оларды қысқа мерзімге болсын оңаша қалдыру қайғыға әкеліп соғуы мүмкін.

Балаңыздың өміріңе қауіп төнбесін десеңіз:

- пәтерде кішкентай бала болған жағдайда терезелерді ашық қалдырмаңыз;

- балаға терезе алдында тұруға рұқсат бермеңіз;

- терезе алдынан жиһазды алып тастаңыз;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- москит торының мықтылығына сенбеңіз! Керісінше – бала оның артында өзін қауіпсіз сезініп, оған сүйенеді;

- терезелер бірнеше сантиметрден көп ашылмауы үшін арнайы бекіткіштер орнатыңыз.


Келулердің саны: 86


Жоғары