print

Мемлекеттік қызмет

Тарау

Регламенттер

Мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық нормасы

 Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды

 басшылыққа алуы тиіс

 Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 қарашада өткен «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен.

1. Мемлекеттік қыз метші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.

2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекеттік игілігіне жұмыс істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.

3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресін?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.

4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.

5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.

6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.

7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек.

8. Егер мемлекеттік мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.


Келулердің саны: 3070


Жоғары