print

Шет ауданына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары М.Қ. Пшембаев пен М.А.Айсина және "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Б.Оспанова арнайы іссапармен келіп, ауданның тұрғындарымен кездесті

...

         Бүгін Шет ауданына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары М.Қ. Пшембаев пен М.А.Айсина және "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Б.Оспанова арнайы іссапармен келіп, ауданның тыныс - тіршілігімен танысып, тұрғындармен кездесті. Халық қалаулылары іссапар барысын алдымен аудандағы "Бақ" сауда орталығының ішінен ашылған әлеуметтік тегін дүкеннің жұмысымен танысудан бастады. 2 ай бұрын ашылған әлеуметтік дүкен тіркеуде тұрған аз қамтылған, көпбалалы 32 отбасыны ай сайын азық - түлік, киім - кешекпен қамтамасыз етіп отыр.Сонымен бірге ауданның барлық елді - мекендеріндегі тұрғын үйлерге улы газға қарсы дабыл қаққыш құрылғылар орнатылған болатын. Әлеуметтік тегін дүкен арқылы осы құрылғылар жағдайы төмен отбасыларға тегін орнатылуда.Осынау жұмыстарды көзімен көріп, аталмыш дүкенге келген отбасылармен сұхбаттасқан мәжіліс депуттаттары аудан әкімі М.Жандәулетовтың бастамасына ризашылық пейілдерін білдірді.Іссапар мүшелері келесі кезекте "Халықты жұмыспен қамту орталығына" соғып жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Бүгінгі күні аудан бойынша 74 отбасы 394 адамға атаулы әлеуметтік көмекке қайта есептеу жүргізіліп, сәуір айынан бастап 192 отбасы 1034 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Және аудан әкімдігінің мәжіліс залында М.А.Айсина, Қ.Б.Оспанова аудандағы жұмыссыз, көп балалы және болашақ кәсіп ашуды ниеттеніп жүрген әйелдермен кездесу өткізіп, "Кока - Кола белестері" жобасының басшысы А.Сүлейменов жоба аясында ақпараттар берді.

 

 

 


Келулердің саны: 343


Жоғары