print

Шет ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру 26.04.2019

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-3 санатына:  

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3)  Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4)  мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

6)  жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7)  ғылыми дәрежесінің болуы;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

 

Е-3

102465

138214

 

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: a.altynbekova@karaganda-region.gov.kz,) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

  1. «Шет ауданы әкімінің аппараты » ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің басшысы (1 бірлік, санаты Е-3, № 9-1)

Функционалдық міндеттері:   Аудан әкімінің ауыл, кент әкімдерімен жұмысын үйлестіру. Ақпараттық аналитикалық жұмыстар және мониторингтің формулаларын, тәсілдерін игеру, аудан әкімі аппаратының экономика жұмыстарын болжауды, жоспарлауды ұйымдастыру азаматтарды қабылдау жөніндегі жұмыста тәжірибесінің барлығы. Ай сайын сайлаушылар саны жөнінде мәлімет жинақтау, қадағалау. Аудан әкімдігінің “жұмыс жоспарын”, әкімдікті даярлау, аудан әкімдігінде өтетін мәжілістерін жиналыстыруын ұйымдастыру және берілген тапсырыстардың орындалысына бақылау жасау. «Электрондық үкімет» программасының жүзеге асырылуына байланысты жұмыстарын жүргізу. Аудан әкімінің, әрбір аптаға, айға, тоқсанға, жылға – арналған жоспарларын жасау орындалысын қадағалау. Аудан әкімінің – «Жұмыс регламентін» дайындау, орындалысын қадағалау.

Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін отырыстар мен облыстық селекторлық кеңестер және семинарлардың материалдарын толық, талапқа сәйкес әзірленуін ұйымдастыру.

Республикалық, облыстық, аудандық және жергілікті деңгейде сайлаулардың өз мәнінде өткізілуіне жауапты бөлу, үйлестіру. Ауданда жүргізілетін награда шараларының заң талаптарына сәйкес болуын үйлестіру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика), “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

 

  1. «Шет ауданы әкімінің аппараты » ММ-нің терроризмге қарсы комиссия жөніндегі бас инспекторы (1 бірлік, санаты Е-3, № 6-1)

     Функционалдық міндеттері: Терроризмге қарсы комиссия жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді.Терроризмге қарсы комиссияның отырысын дайындау мен өткізуді қамтамасыз етеді;

Терроризмге қарсы комиссияның шешімдерін орындауды бақылау жөніндегі оның қызметін қамтамасыз етеді.

Шет ауданында терроризмнің алдын алу саласындағы ахуалдың дамуына ықпал ететін қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де процестер туралы ақпаратты талдайды, оның көріністеріне жәрдем ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын тұжырымдайды;

Қарағанды облысының Терроризмге қарсы комиссияның жұмыс органымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Терроризмге қарсы комиссияның іс қағаздарын жүргізуін жүзеге асырады.

         Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

   Білімі - Жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (дінтану, теология), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (саясаттану). Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде « Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комиссиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

________________________

________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

___________         _________________________________________

(қолы)                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.


Келулердің саны: 547


Жоғары