voting
print

Өнегелі өнер иелері мен спорт саңлақтары аудан жастарымен жүздесті!

Шет ауданында «Жастар жылы» аясында аудандық Агротехникалық колледжі мен Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Арқаның арда азаматтары» атты облысымыздан шыққан, белгілі азаматтармен кездесу өтті. Кездесу орны жарты ғасырлық тарихы бар қастерлі білім шаңырағы аудандық агротехникалық колледж ғимаратында болды. Кездесуге әнші, сазгер С.Әбдіғали, айтыскер ақын Т.Әділов, Қазақстан барысы -2018 иегері Е.Шынкеев, самбодан әлем чемпионы Б.Қанжанов арнайы шақырылып, қатысты. Құрметті қонақтарды колледж директоры Р. Оразханов ұжымымен бірге қарсы алып, оқу орнының тыныс – тіршілігімен таныстыру үшін саяхат ұйымдастырды. Саяхаттап болған қонақтар бүгінгі кездесуді асыға тосқан отырған студенттермен кездесті. Кездесу кешін аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин жылы лебізімен ашып, келген қонақтардың қадамыңа құтты болсын айтып, осынау көрнекті кештің маңыздылығына тоқталып, Елбасымыздың жастарға көрсетіп отырған қолдаулары жайында тоқтала кетті. Сонымен бірге аудан әкімінің орынбасары «Жастар жылына» орай, колледж ұстаздары Қ.Қалижан мен Д. Төлеуовке аудан әкімінің «Құрмет» грамотасын және колледж студенттері Н.Аманжол,Т.Сейфулла, Д.Акеева, А.Серикова, А.Ғазизұлына аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады. Кездесу барысында студент жастар ағаларына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып,пікір алмасты және өздері де өнерлерін ортаға алды. Кеш соңында колледж директоры Р.Борхыбайұлы кеш қонақтарына барша ұжым атынан алғыс білдіріп, қазақы кәдемен иықтарына шапан жапты. Кездесуге қатысушылар іс-шара соңында естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.


Келулердің саны: 193


Жоғары