print

2019 жылғы 1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын 12 сұрақ

...

2019 жылғы 1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын 12 сұрақ

1) Атаулы әлеуметтік көмек деген не?

Атаулы әлеуметтік көмек – бұл аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

3) Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін қай жерге жүгіну қажет?

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына не Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.

Егер отбасы ауылдық жерде тұрса - кент ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне.

3) Атаулы әлеметтік көмекті тағайындау үшін қаңдай құжаттар қажет?

Өтініш беру және сәйкестендіру үшін жеке куәлікті ұсыну қажет.

4) Жәрдемақының толық мөлшерін алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?

Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес.

5) АӘК алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша пропискасы болу қажет пе?

Ия, қажет. Қолданыстағы заңнама сәйкес барлық отбасының жиынтық табыстарын есптеген кезде тұрғылықты мекен-жайы бойынша прописка міндетті шарт болып табылады

6) Жәрдемақыны есептеген кезде бірге тұратын туыстардың барлық табыстары есепке алынатыны рас па? Бұл норма қайта қаралады ма?

Атаулы әлеуметтік көмекті 2019 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындаған кезде отбасының бірге тұратын жалпы шаруашылық жүргізетін барлық мүшелері есепке алынады.

Алайда, Министрлік «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына отбасы мүшелерін нақтылау бөлігінде толықтырулар енгізуде.

Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының құрамына тек жақын туыстар есепке алынады: ата-аналар (ата-ана), балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлары мен апа-қарындастары,ата,әже, немерелер.

7) Жәрдемақы алу үшін отбасының бір мүшесінде қандай табыс болуға тиіс? Және жәрдемақының мөлшері қандай?

Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы
20 789 теңгеден аспаса, отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл ретте, кәмелетке толмаған балаларға 20 789 теңге мөлшерінде, ал ересектерге отбасының жан басына шаққандағы табысы мен АӘК критерийлерінің мөлшері арасындағы айырмас төленеді.

Мысал ретінде екі ересек ата-ана мен алты кәмелет жасқа толмаған баладан тұратын отбасын алайық.

Ай сайынғы табысы:

1) Әкесінің жалақысы – 150 000 тг. құрайды.

2) көп балалы отбасына берілетін арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы – 10 504 тг.

3) «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы анаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы – 16 160 тг.

Отбасының ай сайынғы табысы – 176 664 теңге.

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен «Күміс алқа» жәрдемақысы алып тасталды. Отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа табысы келесідей есептеледі: 150 000 теңге 8 адамға бөлінеді = 18 750 тг. Тиісінше, отбасы АӘК көрсету критерийлеріне сәйкес келеді.

АӘК мөлшерін есептеу балаларға: 20 789 теңге*6 бала = 124 734 тг.

АӘК мөлшерін есептеу ата-аналар үшін 20 789 тг. – 18 750 тг. =
2 039 тг; 2 039*2 = 4 078 тг.

АӘК жиынтық мөлшері 124 734 тг. + 4 078 тг = 128 812 тг.

Егер бұрын отбасы АӘК көрсету критерийіне сәйкес келмесе, онда 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасы 128 812 теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы.

Осылайша, жаңа атаулы әлеуметтік көмекті ескере отырып, отбасының жалпы табысы: 176 664 тг. + 128 812 тг. = 305 476 тг. болады.

8) Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтар есепке алынады ма?

Иә, отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде жеке қосалқы шаруашылық ескеріледі. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі. Қағидаларда ел өңірлерінің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу нормалары айқындалған.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар жеке қосалқы шаруашылықты табыс көзіне жатпайды деп айқындай алады. Яғни, әкімдіктер өз қалауы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты ескермеуге құқылы.

9) 1 сәуірден бастап отбасының жалпы табысын есептеу кезінде қандай табыс алынып тасталады?

АӘК тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мыналар есепке алынбайды:

1. 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (2018 жылғы 1 қаңтарға дейін 10 504 тг.);

2. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы;

3. мүгедектік бойынша жәрдемақы;

4. оқушылардың стипендиясы;

5. жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер.

10) Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар? Олар бойынша толық және дұрыс ақпаратты қайдан ала алады?

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл өмір бойына берілетін жәрдемақы болып табылады, яғни зейнеткерлікке шыққаннан кейін де тоқтатылмайды, сондай-ақ оның табысына қарамастан тағайындалады. Қазіргі уақытта жәрдемақы мөлшері 16 160 теңгені (6,4 АЕК) құрайды және жыл сайын инфляция деңгейіне байланысты индекстеледі. Бүгінде 235 мың ана осындай құрметті атаққа ие.

Сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар:

- көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын;

- тұрғылықты мекенжайын тіркеу, паспорт және жеке куәлік алу кезінде жасалатын нотариаттық және заң тұрғысынан маңызды әрекеттер үшін мемлекеттік баж салығын және т.б. төлеуден босатылады.

Сондай-ақ, 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған аналар 53 жасында зейнетке шығу құқығына ие.

Бұдан басқа, азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, Министрлік әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы орган есебінен көрсетілетін 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету шарасы кіреді, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және т.б. бар.

Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 

11) Қандай жастағы балалар АӘК ала алады?

Жаңа механизм бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы немесе 20 789 теңге мөлшеріндегі кепілді төлем 18 жасқа дейінгі балаларға, ал орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда, білім беру ұйымын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) төленетін болады.

 


Келулердің саны: 819


Жоғары