print

"8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне" арналған қыз- келіншектер арасында волейболдан өткізілетін аудандық дәстүрлі ашық біріншілік өтті

Шет ауданында Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" арналған қыз- келіншектер арасында волейболдан аудандық дәстүрлі ашық біріншілік өтті. Біріншілікте құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары А. Әбілдин мен Шет ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шет ауданының қоғамдық кенесінің мүшесі, мәдениет қайраткері Г. Ахметова берілді. Біріншілікке Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназия, Ж.Ақылбаев атындағы эксперимендалдық мектеп гимназия, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, жалпы біріншілікке 3 команда, 24 спортшы қатысты.

Жеңімпаздармен мен жүлдегерлер Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен, медальдарымен, кубоктарымен және командалық 1,2,3, орын алған командаға бағалы сыйлықтар мен марапатталды.

 


Келулердің саны: 651


Жоғары