print

Қарттарын қадірлеген ел бақытты!

Наурыз айының 14 жұлдызында аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Шет Агротехникалық колледжінің және «Жігер» еріктілер тобының бірлесе ұйымдастыруымен «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты акция белсенді ерікті жастардың қатысуымен өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – ауылдағы жалғыз басты қарттардың аз қамтылған,көп балалы отбасылардың үйлеріне барып үй ауласының маңайын қардан тазалау, отын жару, т.б үй шаруасына көмектесу болып табылады.

         Мақсаты айқын жастарымыз аудан тұрғындары Омарбекова Қапуза, Ахметжанова Рым, Мықтыбаева Аманкүл аналарымыздың үйлеріне барып, көмек көрсетіп қайтты.Жастарымыздың осындай игі істеріне аналарымыз ақ баталарымен ризашылықтарын білдірді.


Келулердің саны: 542


Жоғары