voting
print

Шұғылалы Шет ауданындағы нұрлы Наурыз!

   Шет ауданы Шығыс халқының жыл басы санап, ұлы күнге балаған Наурыз мерекесін биыл ерекше көңіл - күймен, айрықша дайындықпен қарсы алды.

   Ұлыстың ұлы күні әз - Наурыз мейрамы "Салт - дәстүр асыл қазынам" атты театрландырған қойылыммен басталып, "Наурыз - береке бастауы" атты мерекелік концертпен жалғасты. Қыстың ызғарынан құтылып, көктемнің самал желімен құлпырған, бір - біріне дастархан жайып дәм берісіп, бауырына басып көріскен, аудан жұртшылығын аудан әкімі М. Жандәулетов құттықтап, доңыз жылы ауданымыз үшін ауқымды істер мен жағымды жаңалықтардың, тарихи мерейтойлардың жылы болатындығын атап өтті.

   Аудан халқы үшін жергілікті күміс көмей, бұлбұл дауысты дарынды өнерпаздардан бөлек қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, танымал әнші Жангелді Бағдаттың келіп мерекеге әннен шашу шашуы, жаңа жылдық тойдың сәнін кіргізіп, халықтың сахынаға шығып билеуіне себеп болды.

         Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің тағы бір әдемі көрінісі қаз - қатар тігілген қазақы киіз үйлер болды. Мәдениет үйінің алаңынан бастап 15 киіз үй тігіліп, барлық киіз үйлерде 360 еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналарға және аудан халқына тегін дәм берілді.

         Ақсу - Аюлы ауылдық округі 3 қазан палау пісіріп және ауданның жұмыспен қамту орталығы мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Бауырсақ фестивалін" өткізіп Наурыз мейрамын тамашалауға келген тұрғындарға ұсынылды. Аудандағы Алмалы кен орның пайдаланушы "Сарыарқа Copper Processing" кәсіпорны да биыл Ұлыстың Ұлы күні аудан орталығына ақ қанат киіз үй тігіп, 120 аз қамтылған отбасыларға, мүгедек жандарға қайырымдылық мерекелік дастарханың жайды.

         Мереке аясында ауыл жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 800 кг ет, 600 кг сүт өнімдері, 1 тонна картоп және 4 тонна арпа, бидай тұрғындарға төменгі бағамен сатылды.

        Сонымен бірге ұлттық спорт сайыстары (қол күресі, асық ату, кір тасын көтеру, арқан тарту, қазақ күресі, қой көтеру) және де "Ең ұзын бұрым", Ең үлкен бауырсақ", "Ең үлкен шелпек" номинациялары бойынша байқаулар ұйымдастырылып жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Наурыз мерекесі қайырымдылық игі істердің көрінісімен жалғасын тауып, аудан әкімі ауданымыздағы ардагер қариялар,100 ден асқан соғыс ардагері Мұқажан Ақыжанов пен Шәукей Жұқановты арнайы үйлеріне барып мерекемен құттықтап, сый - сияпат жасады. Және де ауыл әкімі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы 10 аз қамтылған отбасының үйіне барып, әр отбасыға азық - түлік себепттері мен тәттілер апарып, сыйлықтар табыстады.,

Осындай мерекелік іс - шаралар ауданымыздың барлық 24 ауылдық округінде де өткізілді.

                                                                                                   Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 


Келулердің саны: 207


Жоғары