print

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай волейболдан ерлер арасында аудандық ашық біріншілік өткізілді.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен волейболдан ерлер арасында аудандық ашық біріншілік өтті. Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин, Қ.Р құрметті спорт ардагері, білім беру саласының үздігі, президенттік көп сайыстан спорт шеберіне үміткер А.Қызылов, ауған соғысының ардагері С.Қордабаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

Біріншілік, аудан орталығы, Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп гимназия, Шет агротехникалық колледжінің спорт залдарында ұйымдастырылып, аталмыш шараға Сәкен Сейфуллин, Ақжал кентерінен, Нұраталды, Талды, Үңірек ауылдарынан және Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінен, Шет агротехникалық колледж, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназия, Ж.Ақылбаев эксперименталдық мектеп гимназия, Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, жалпы 11 команда, 88 спортшы қатысты.

Тікелей біріншілікті өткізу балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры бекіткен төрешілер алқасына жүктеліп, сайыс қорытындысы бойынша Нұраталды ауылының командасы 1-орын, Сәкен Сейфуллин кентінің командасы 2 орын, Ақсу-Аюлы ауылының командасы 3-орынды иеленіп, жеңімпаздар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы медальдарымен, грамотасымен және кубоктарымен марапатталды.

 


Келулердің саны: 747


Жоғары