print

Тегін дүкен акциясы

Жақсылық жасауға асығайық!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шараларының күнтізбесінде Наурыз айы

Шашу- қуаныштың айғағы ретінде жасалатын өте әдемі де, салтанатты дәстүр болып белгіленген. 1 наурыз «Алғыс айту» күні қарсанында ҰОС ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға, табысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға тегін әлеуметтік көмек көрсету бойынша «Алғыс, бата ал» әлеуметтік жауапкершілігі акциясын өткізу жоспарлануда.

Жалпы, алғыс айту күнін мерекелеу қайырымдылық акциясы, «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Осы бастамаға орай ауданның «Жастар ресурстық орталығы» 1 наурыз күні сағат 10:00-ден бастап «Жастар ресурстық орталығында» «Тегін дүкен» атты акциясы ұйымдастырылады. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі болғандықтан аталмыш шараға аудан тұрғындарын, мекеме басшыларын, жеке кәсіпкерлерді қатысуға шақырамыз.  «Жақсылық пен игі іс жасау үлкен адамгершіліктің белгісі» ретінде көмектесем деушілер Шортанбай Жырау көшесі 24 үй, ауданның «Жастар ресурстық орталығына» келіп киім-кешек, азық-түлік, тұрмыстық техника, тұрмыстық жиhаздар, жарамды артық заттар немесе материалдық көмектерін көрсетуге болады.

Жиналған материалдық көмектер тізімге алынып, арнайы көмекті қажет ететін табысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларына керегіне қарай тегін таратылады. «Тегін дүкен» сол жиналған заттар немесе азық-түлік біткенше жұмыс істейтін болады.

Алдын ала алғысымызды білдіреміз.

 

                                                                                                                                      Байланыс тел: 21972                                                                                                                                                                      87712840037

                                                                                                                        Жастар ресурстық орталығы

                        


Келулердің саны: 369


Жоғары