print

Өрт қауіпсіздігін сақтау

Жылыту маусымында өрт қауіпсіздік шаралары

Жыл сайын суықтың басталуымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрттердің саны артып келеді, олардың себептері жылыту жүйелері мен қондырғыларын пайдалану кезінде, пешпен жылыту кезінде, сондай-ақ электр желісінің шамадан тыс жүктелуінен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Егер сіз жеке үйде тұрсаңыз, онда жылыту маусымы кезенінде пештің және түтіннің жарамдылығын тексеру, оларды жөндеу, күйені тазалау, жарықтарды майлау, пайда болған жарықтарды бірден көру үшін шатырда түтін шығару қажет. Ал жылыту маусымы кезінде тағы да күлді тазалау керек. Пештен тазалайтын күл мен қожды сумен төгіп, қауіпсіз жерге шығару қажет. Кереуеттер, перделер және басқа да жанғыш заттар жанып жатқан пештің қабырғаларынан кемінде бір жарым метр қашықтықта болуы тиіс. Бұл қарапайым ережелер "Өрт" атты қайғыдан құтылуға көмектеседі.

Дәл осындай сөздермен Шет ауданы ТЖБ және №52-ӨСБ қызметкерлері үнемі рейдтік іс-шаралар өткізуде, жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша тұрғын үй секторын аралап, нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылды. Өйткені, өрт ті сөндіргеннен, ескерту әлде қайда жақсы.

 

Шет ауданы ТЖБ аға инженері

Азаматтық қорғау лейтенанты Ш.Мейржанов

Құрметті Шет ауданының тұрғындары, тұрғын секторында өрт шығуы мен адамдардың мерт болу оқиғасына жол бермеу мақсатында құтқарушылар азаматтарды жылыту пештерін салғанда және пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырады.

Пешті қоладану уақытында өрт қауіпсіздігін ережесін сақтау:

  • пешті пен түтін құбырын жылыту мерзімі алдында тазалап, жөндеп, жарылған жерлерін майлап және ақтау керек. Жөндеу және пешті қалау жұмысын тек пеш шеберіне тапсыру керек.
  • пеш және түтін құбыры уй төбесімен және қабырғамен қосылулары қалындантылып кірпіштен жасалу керек. Пештің өз қабырғасының қалындығы болғанын ұмытпау керек. Кез келген пештің өзінің төменгі фундаменті болып, қабырғадан немесе қарағай құрылыстан арақашықтық болу керек;
  • пеш және басқа да жылыту құралдары қойылған нормаға сәйкес өртке қарсы ыстық құрастырымдардан алшақ тұруы керек, пеш алдына 50х70 см. темір кілемше төселуі керек;
  • пештің қызып кеткенін жібермеу үшін оны күніне екі уш рет, бір жарым сағаттан жаққан дұрыс; 
  • пештің жанғыш және қиын жанғыш үй құрастарына (қабырғаға, тақтайға, төбеге) жалғанып тұрған уақытта майланғанын қатан сақтау керек.

Пешті пайдаланғанда қатан тыйым салынады:

  • жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және де кәмелет жасқа толмаған балаларға тастап кетуге;
  • отынды, басқа да жанғыш заттарды пеш үстінде және пеш алдындағы темірде қалдыруға;
  • пешті тұтандырарда бензин, керосин, дизел отынын және де тез жанғыш заттар мен сұйықтарды қолдануға;
  • үйдің ауа кіру, газ жүру каналдарын пеш мұржасы ретінде қолдануға;
  • пешті тым қыздырып жіберуге тыйым салынады.

Өрт рақымсыз жау. Өз мүлкің, денсаулық пен өміріңнің қауіпсіздігі үшін бұл туралы ұмытпау керек!

 

                • Шет ауданы ТЖБ аға инженері
                • азаматтық қорғау лейтенанты
                • Ш.Мейржанов

 

 


Келулердің саны: 393


Жоғары