print

Аудан орталығында Ауған соғысының ардагерлеріне арналған салтанатты жиын өткізілді.

...

Шет ауданыңың аудандық мәдениет үйінде, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, «Жастығын жалын шарпыған» атты аудан көлеміндегі ардагерлермен салтанатты кездесу жиыны өткізілді. Кеш шымылдығы мектеп оқушыларынан құрылған «Болашақ» тобының ауған жауынгерлерін қарсы алуымен басталып, кешке келген көпшілік көрермен орындарынан тұрып ардагерлерге құрмет көрсетті. Сахынаға марш әуенімен жас ұландар шығып, ардагер аға - әкелеріне арнаған өлең жолдарын оқыды. Жат елде интернационалистік борышын атқаруда өмірін қиған боздақтардың және ҚР Қарулы Күштерінің полковнигі , «Қара майор» лақап атымен белгілі болған Борис Төкенұлы Керімбаевтың рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.

Алғашқы болып сөз кезегіне шыққан аудан әкімі М. Жандәулетов барша ауған ардагерлерін осынау атаулы датамен құттықтап, жақында аудан орталығында ауған ардагерлеріне арналған ескерткіш монументтің бой көтеретінің хабарлады. Сонымен қатар, аудан әкімдігі атынан аудан көлеміндегі барша ауған ардагерлеріне Кеңес әскерінің Ауған жерінен шыққанына 30 жыл мерекелік төсбелгісі мен 100 мың теңгенің серификатын табыстады. Марапаттау рәсімінен кейін ардагерлер құрметіне арналып, мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.

Құйқылжыта шырқалған әсем әндер мен жалынды жырларға көңілдері марқайып, құрметке бөленген ардагерлерге, салтанатты жиыннан соң, аудан орталығындағы Ақсу – Аюлы рестораныңда мерекелік дастархан жайылып, дәм берілді..

Аудан әкімінің баспасөз хатшысы:   Б.Д. Амангельдинов


Келулердің саны: 935


Жоғары