print

Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі бойынша өткізілген рейдтік іс-шаралар

...

2019 жылдың жылыту маусымы кезеңінде Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Қарағанды облысының "ӨСжАҚЖҚ" ММ №51,52 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен бірге «өрт қауіпсіздігі сенбілігі» аясында тұрғын үй секторларында өрттің алдын алу профилактикалық іс-шараларын кеңінен жүргізуде.

2019 жылдың 9-10 ақпан күндері кезекті шарада қызметкерлер Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында және Ақадыр кентінде тұрғын үйлердің аулаларын аралап, тұрғындарға жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар жүргізіп, жадынамалар табыстады. Барлығы 442 үй араланып, 1761 адам нұсқаулықтан өткізілді.

Сонымен қатар, Ақадыр кентінде дауыс зорайтқыш құралдары арқылы тұрғындар назарына жылыту маусымында «Өрт қауіпсіздігін сақтау» бойынша үгіт насихат ақпараты жеткізілді.

 

                                                             Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі


Келулердің саны: 698


Жоғары