print

Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Шет ауданы бойынша пробация

қызметінің есебінде тұрған

адамдарды жұмысқа орналастыру

үшін 2019 жылға жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген) № 412 бұйрығына сәйкес, Шет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдинге жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шет ауданының әкімі                                                                                                        М.Жандәулетов

 

                                                                                                                                    Шет ауданы әкімдігінің 2019 жылғы                                                                                                                                                "_____"_____________

                                                                                                                                    №_____қаулысына қосымша

 

Шет ауданы бойынша пробация қызметінің

есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру

үшін 2019 жылға жұмыс орындарының квотасы

белгіленетін ұйымдардың тізімі

 

 

Ұйымның атауы

Қызметкер

лердің тізімдік саны

(адам)

Қызметкер-лердің тізімдік санының пайыздық көрсетілімі

(%)

 

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

«NOVA Цинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

918

0,1

1

2

«Еңбек» шаруа қожалығы

5

20

1

 


Келулердің саны: 682


Жоғары