print

ОРТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығын орындау мақсатында өзіме жүктелген міндеттерді атқаруда жүргізіп жатқан жұмыстар туралы есептік баяндамамды ұсынамын.

         Барлықтарыныңыз білесіздер ауылдың күн көрісі төрт – түлік мал өсіруге байланысты, үйінде малы бар ауыл тұрғындары ет пен сүт өнімін керегіне жаратып келеді.

         Ортау ауылдық округі бойынша мағұлмат:

Ортау а/о жалпы жер көлемі – 204 996 гектар, Елді мекеннің жалпы жер көлемі – 14 824 гектар, Шаруа қожалықтары – 62, Мал сою бекеті – 1 (Рахымбек қыстағы «Әлішер» шаруа қожалығы), Шаруа қожалықтарының жер көлемі – 127 684,5 гектар, Бөлімшелер – 2, Көше саны – 5, Халық саны 303 адамды құрайды, осының ішінен 118-ы экономикалық белсенді топқа жатады. Зейнеткерлер саны – 30, мүгедектер –6 (ІІ – ІІІ топ). Округ бойынша бюджеттік салаларда жұмыс істейтін адамдар – 51. Сыртта жаз айларында жалдамалы жұмыста – 10 адам жұмыс істейді.

         Жұмыссыздар есебінде жыл басынан 2 адам тіркелген. Бүгінгі күнге дейін қоғамдық жұмысқа адам алынған жоқ.

    Әкім аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен Конституциялық заңдылықтарға, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңымен, нормативтік-құқықтық актілерге байланысты құрылған жұмыс жоспарымен жүргізіліп отырылады.

         Ауыл тұрғындарынан жыл бойы жазбаша түрде түскен 12 өтініш, 12-де шешілді. (Негізінен өтініштер жер телімін беру, шаруа қожалығынын жетекшісін ауыстыру). Берілген анықтамалар – 198.

    Округ бойынша жыл басынан 5 рет халықпен жалпы жиналыс өткізілді. Ақсақалдар алқасы, мектеп ұжымы, шаруа қожалықтары және аудандық бөлім мамандары қатыстырылып: Санитарлық тазалық, мал бағымы, ауыл шаруашылық, ветеринария саласы бойынша жиындар өткізілді.

Алдыңғы кездесулер барысында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру барысында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар.

Ө.Искаков – ауыл тұрғыны;

1Ортау ауылына қарасты 12 шақырым жолға жөңдеу жұмыстары жүргізілсе?

Жауабы: Қысқы күтіп ұстаудан үнемделген қаржыдан жолдың су шайып кеткен учаскелері ретке келтіріліп, барлық 46 км автогридермен қырып, тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Ж.Туржанов – ауыл тұрғыны

1. Ауылға күрестен жаттықтырушы штатын ашын берсеңіздер

Жауабы: Сұраныс жасалды. Мәселе қарастырылуда. С.Сейфуллин кентіне жаңадан спорт кешенінің ашылуына байланысты штат мәселесі қиындау.

        Округтің әлеуметтік – экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттер мен дамытудың негізгі бағыттары:

        Округіміздің экономикасының негізгі бағыты ауылшаруашылық саласы.

Округте барлығы 62 шаруа қожалығы тіркелген34 қыстақ өз деңгейінде тиісті жұмысын атқарып отыр. Ал, қалғаны шөп шабу яғни, мал азығын дайындаумен айналысып отыр. Шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал бастарын сатып алуда. Мәселен, биылғы жылы 10 бұқа сатып алынды. Жалпы құны 3 млн 500 мың тг құрайды. Ауыл шаруашылықтағы малдарды асылдандыру жұмыстары әрі қарай жалғасын таппақ. Мұндай шара ірі қара малдың сапасын арттыруға септігін тигізеді.

        Шаруа қожалықтар 84 бас ірі қара малын Астана қаласына экспортқа тапсырды. 2 Рейс жасалды.

    Инвеститциялық жобаларды жүзеге асырудағы ауылдық округ бойынша 3 инвестициялық жоба іске асырылды:

1. «Бірназар» шаруа қожалығының жетекшісі Ж.Б.Жакаев «ШетКөмек» несиелік серіктестігінен 30 млн теңге несие алды. Ресей Федерациясынан 60 бас ірі қара малын алуды жоспарлап отыр.

2. «Өркен» шаруа қожалығының жетекшісі Абдикамалова Гүлмира «Қаржылай қолдау қорынан» 7 млн теңге несие алып, 185 бас қой малын алды.

3. «Нұрмағанбет», «Үшсай», «Айнабұлақ», «Мейрам», «Шарой», «Шойын», «Әлішер», «Жекебай», «Төре», «Альжанов Ж.Ш.» жайылым жерлерді суару бағдарламасы бойынша күн сәулесінен қуат алатын панельдер жйынтығын орнатты. Жалпы құны шамамен 36 млн 500 мың теңге.

4. Ортау ауылдық округінің шаруа қожалық жетекшілері ұсақ малды асылдандыру мақсатында 50 асыл тұқымды қошқар алынды. Құны шамамен 3 млн 500 мың тг.

Жалпы құны: 80 млн 500 мың  теңгені құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту:                     

Ортау ауылдық округі бойынша конкурс негізінде жаңадан үш шаруа қожалық ашылыды. Олар: «Құралай» шаруа қожалығы жетекшісі Дандан Ардашер, «Береке» шаруа қожалығы жетекшісі Смагулов Берік, «Алтай» шаруа қожалығы жетекшісі Қанат Нұрсұлтан.

          Қаржының игерілуі және оған атқарылған жұмыстар туралы:

      Әкімшілік ғимаратына орташа жөндеу жұмысына 5 000 000 теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмысты мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурсты «Ақадыр - Сәулет» ЖШС-і ұтып алды.

Ортау негізгі орта мектебіне 4 500 000   теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жасалды. Аталған жұмысты «Ақадыр-Сәулет» ЖШС-і Толығымен атқарып шықты.

Авто көлік жолдарына жол белгілеріне 61 585 теңге қаржы бөлініп белгілері орнатылды.

      Көше ішін қардан тазартуға «Арман» ш/қ жетекшісі Арман Тлеухановқа 2018 жылға 300 000 тг қаржы теңге аударылып, қаражат толығымен игерілді.

       Ауыл азаматтары мен шаруа қожалықтардың демеушілігімен ауылымдағы намазхана күрделі жөңдеуден өткізілді. Бір жағы намазхана екінші бөлігінде 100 адамдық асхана орналасқан. Жөңдеу жұмыстары қаржының тапшылығына байланысты ағымдағы жылдың жаз маусымына қалдырылды.

               Салық базасының жағдайы мен алдағы уақыттарда оны ұлғайту үшін құрылған жоспарлар туралы:

Ортау ауылдық округі тұрғындарының жер, мүлік салығы толығымен жиналады.

      Шаруа қожалықтарынан жер салығы бойынша жылына шамамен – 290 000 теңге.  

      Тұрғындардың мүлік пен жер салығы бойынша жылына шамамен – 18862 теңге.  

      Тұрғындардың көлік салығы бойынша жылына шамамен – 51540 теңге.

      Жаңадан ашылған шаруа қожалықтарын тіркету.

      Барлығы – 360 402 теңгені құрайды.

   Ортау ауылдық округі бойынша елді мекен жұртшылығы және шаруа қожалықтарының мал басы жөнінде мәлімет:

      2018 жылға ауыл шаруашылық мал бастарының өсімі: Ірі қара мал басының 3395, аналығы 2129, қой мал басы 18717, аналығы 14333, ешкі малы 4013, аналығы 2958, жылқы малы 2478, аналығы 1495, үй құстары 2162, түйе 10, өсім деңгейін көрсетуде.

         Абаттандыру, санитарлық тазалық іс-шараларын ұйымдастыру бойынша Ортау ауылдық округінің санитарлық тазалық және абаттандыру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Әр көшеге санитарлық тазалық бойынша жауаптылар бекітілген. Ортау ауылдық округі бойынша 2018 жылы тұрғындардың үй маңындағы қыстан шыққан күл-қоқыстары тазартылды. Қатысқан техникалар – 1- тиегіш, 1- камаз. Облыс, аудан әкімдерінің санитарлық тазалық абаттандыру бойынша шығарылған өкімдерін басшылыққа ала отырып, таза бейсенбі, сенбіліктерге мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары, жалпы 50 адам қатыстырылды.

       Ортау ауылдық округіне қарасты 3 елді мекенде 2 айлық тазалық жұмыстар атқарылды. Көшелерде, жол бойында шашылып жатқан қоқыстар жиналып, талдардың, ауыл ішіндегі бағаналар түптері әктелді. Ортау ауылы тұрғындарының қыстан шыққан күл-қоқысты тазарту үшін Ақадыр кентінен «АғадырЖылу» ЖШС басшылығымен келісіп, көктемгі санитарлық тазалық маусымында 1-тиегіш, 1- камаз көлігтері тартылып қыстан шыққан 500 тонна кұл-қоқыс шығарылды. Кейбір тұрғындар өз күшімен шығарды. Мүлдем күл қоқыс алмаған тұрғындар да бар. Бүгінгі күні қоршауы жөнделіп сырланған үйлер – 45, аулалары тазартылған үйлер – 50, көше ішіндегі 2 – баннер жанартылды, отырғызылған көшеттер – 20, Гүлзарлар -10, Өткізілген тұрғындар жиыны саны – 4.

   Учаскелік полиция инспекторы және әкім аппараты тарапынан ауыл тұрғындарына аулаларын анықтап, 30 метрге дейінгі қашықтықта тазалықты сақтау қажеттігі жөнінде нақты тапсырмалар және де қимылсыз отырған үй иелеріне ескертулер таратылды.

        Елді мекенде жаңа жұмыс орнын ашу мен жұмыссыздықты жоюға бағытталған жұмыстардың барысы: 2018 жылы Ортау ауылдық округінде 3 шаруа қожалығы ашылып, 4 адамға жұмыс беріліп отыр. Ал, жұмыссыздарға шаруа қожалықтарының тарапынан жұмысқа сұраныс бар. Мәселен, сахмандарға, мал бағуға, мерзімдік шөп шабу мен жұмыскерлерге сұраныстар бар.

            Білім мен спортты жетілдіру бағыты бойынша:

        Білім беру саласында басым бағыттарының бірі балаларға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі күнде Ортау ауылдық округінде 1 негізгі мектеп және 1 бастауыш мектеп бар20 мұғалім өз жұмыстарын атқарып отырМектепте 9 компьютер бар, оның 4 істен шыққан. Орташа есеппен 1 компьютерге 9 баладан келеді. Ортау негізгі орта мектебіне интернет желісі қосылған.

        Ортау негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Туребеков   күндері футбол, волейбол, баскетболдан спорттық ойындарынан жарыстар өткізіліп отырады. Президенттік қысқы және жазғы көп сайысқа, «Қарлы қыс» спорттық ойындарына, Аудандық жазғы спартакиадаға т.б. спорттық іс шараларға мүмкіншілігінше ат салысып отырады.

        Ортау негізгі мектебінің спорт залында үстел теннисі, волейбол, баскетболдан үйірмелер, қыс айларында шаңғы тебу ойындары өткізіледі.

             Денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру:    

        Ортау ауылдық округінің МП қызметкерлері елді мекен және қыстақ тұрғындарының медициналық тексерістен өткізіп отырады. Ағадыр кенті емханасында Ортау ауылының балаларын қабылдайтын дәрігер және 1 медбике бар.

            Ішкі саяси тұрақтылық пен баспасөзге жазылу және діни бірлестіктермен атқарылып жатқан жұмыстар:

         Қазіргі кезде жаһандық жағдайға үңілетін болсақ, өте қиын. Еуропа елдеріндегі жиі көтерілістер, әлемдік дағдарыс, мұның бәрі бір біріне әсерін тигізуде. Ортау тұрғындары бұл жағдайды газет беттерінен және теледидар арнасынан көріп отыр. Соған қарамастан, округ тұрғындары бір ауыздан Ел басымыздың көрегендік саясатын және жыл сайынғы жолдауын қолдап отыр.

      Мерекелік іс шаралар өткізіліп, халықтың бірлігі жиі көрініс тауып отырады. Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай ауыл жастарының тарапынан дәстүрлі түрде Ортау ауылында ат жарысы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткзілді.

      Мерзімдік баспасөзге жазылу жұмыстары жоспарға сәйкес толығымен орындалады. Оған тұрғындармен қатар, шаруа қожалықтары да ат салысты.

           Діни бірлестіктермен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша жоспар құрылып, жоспар бойынша ай сайын әкімшілік ғимараты мен мектеп ғимаратында іс-шаралар жүргізілуде. Оған жауапты адамдар бекітілген.

         Мемлекеттік және ресми мерекелерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар: Ортау ауылдық округі бойынша мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өз мәнінде ұйымдастыру үшін Ортау әкімі аппараты жанынан бес адамнан тұратын арнайы ұйымдастыру алқасы құрылып, Ортау ауылдық округі бойынша мемлекеттік және кәсіби мерекелер демеушілер тарапынан қолдау жасалып өз мәнінде ұйымдастырылуда. Мерекелік іс - шараларда ауылдың бір қатар жас азаматтары белсенділік танытады. Ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына округіміздің барлық шаруа қожалықтары демеушілік көрсетіп, өз үлестерін қосты. Ортау ауылына 2018 жылдың тамыз айында 24 адамнан құралған экспедициялық топ келді. Сарыарқаның көркем табиғатын зерттеп, тамашалап жүрген экспидициялық топ Ортауғада табан тіреді. Ортау ауылында орналасқан Сәкен Сейфуллиннің тұған жері «Қарашілік» қыстағы, Жеті құдық, Бұрынғы Карлаг орының аралады. Экспедиция мүшелерінің ішінде Қазақстандық және Ресейлік блогерлер болды. Экскурсия барысында түсірілеген видео және фото материалдар ютуб әлеуметтік желісінде жарияланды.

Жастарды жұмыспен қамту, жастарды мерекелік шараларға тарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы:

        Округтегі жастардың бір шамасы вахталық жұмыс істейді. Кейбір жастар өз үйлерінің шаруасымен айналысып, уақытша жалдамалы жұмыстармен айналысады. Бүгінгі күні жұмыс істеймін деген адамдарға шаруа қожалықтары тарапынан жұмыстар ұсынылады. Ал, мемлекеттік мекемелерде бос орын болған жағдайда, ауыл азаматтарын орналастыруға жұмыс жасалады. 2018 жылы 2 азамат Ортау әкімшілігіне тұрақты жұмысқа орналасты.

         Ауылдық округ әкімінің ағымдағы жылға және жақын перспективаға арналған іс-қимыл жоспары:  

      Округ ауылшаруашылық бағыты болғандықтан, малдарды асылдандыруға жұмыс жасау көзделген. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру көзделген. Жұмыссыздықты жоюға бір шама жоспарлар бар. Әлбетте ниет білдіретін азаматтар болса, оны да іске асыруға болады. Жаңадан шаруа қожалық құрылымдарын ашу, мал басын көбейту, дәнді дақылдар көлемін көбейту және мал азығына арналған егістіктерді жаңарту.

            Құрметті Марат Жандаулетұлы! Құрметті ауыл тұрғындары!

       Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар салық базасын нығайту мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту, көшелерді жарықтандыру, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жоғарылату, мал басын өсіру, асылдандыру, ірі шаруа қожалықтарымен тығыз қарым-қатынаста болу, тұрғындар тарапынан болған ұсыныс, пікірлердің шешілуіне үнемі ықпал ету. Қорытыңдылай келе 2018 жылы үлкен-кішілі жұмыстарымызға белсенді түрде көмек көрсеткен мекеме басшыларына, шаруа қожалықтарына, ауыл тұрғындарына рахмет айтамын.


Келулердің саны: 560


Жоғары