print

Қарағанды облысының ТЖД бастығының орынбасары және Шет ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Шет ауданының халқымен есептік кездесу өткізді

...

2018 жылы 28 қараша күні Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары полковник М.К.Қатпановтың және Шет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Б.Б.Арыстанбековтың жергілікті тұрғындармен азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша Шет ауданы әкімінің ғимаратындағы мәжіліс залында есептік кездесулері өтті.

Кездесу кезінде азаматтық қорғау саласындағы проблемалық сұрақтар бойынша және қыс мезгіліндегі орын алатын төтенше жағдайлар бойынша сөз қозғалды.  Бөлім бастығы  тарапынан ауыл тұрғындарынан  қыс мезгіліндегі оқыс оқиғаларды болдырмау үшін ТЖ алдын алуға бірлесіп үгіт-ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді сұрады. Ақсу-Аюлы ауылының тұрғындарын  өрт қауіпсіздігі, оның ішінде үйдегі пеш құрылғыларын  пайдалану кезінде қарапайым ережелерді сақтауға шақырды, төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 номерлері бойынша түсіндірді.

Аудан бойынша  су тасқыны, өрт қауіпті және шомылу маусымы  тұрақты режимде өтті. Бұл дегеніміз ауданымыздағы төтенше жағдайлармен байланысты  тұрақты қалыпта, азаматтық қорғау саласы жүйесінің үнемі бақылауында және аймақтағы шаруашылық объектілерінің, халықтың және ауданымыздың өмір қауіпсіздігі жүйелерінің бір қалыпты жүмыс жасауына септігін тигізуде. 

Тұрғындар азаматтық қорғау саласына, қауіпсіздік сұрақтарына қызығушылық көрсетіп, белсенділік танытты. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алынды. Кездесу соңында  азаматарға қауіпсіздік бойынша парақшалар таратылды .

      

Шет ауданының төтенше жағдайлар бөлімі


Келулердің саны: 118


Жоғары