print

Тауарларды электрондық сауда арқылы сату

Интернет-дүкен немесе интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен тауарларларды электрондық сауда арқылы жүзеге асыратын салық төлеушілер салық салудан босатуға құқылы. Аталған босатуды қолдану үшін келесідей талаптар орындалуы қажет:
- тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
- тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
- тауарларды жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса;
- тауарлармен электрондық саудадан түскен табыс барлық табыстың 90 пайызын құраса.
Осылайша, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер салық органына қызметтің басталғаны туралы хабарламаны табыс етеді. Аталған хабарлама, «Е-Лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

 


Келулердің саны: 84


Жоғары