print

Пилоттық жобаның қолданысын Қазақстан Республикасының аумақтарында кеңейту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет), 2016 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыстар жұргізілуде осыған байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін оңтайландыру және оңайлату мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді эксаумақтық ұстанымда көрсетуді енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізілуде (бұдан әрі - эксаумақтық ұстаным).

Пилоттық жоба оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Комитет 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 сәуір мерзіміне дейін пилоттық жобаның қолданысын Қазақстан Республикасының аумақтарында кеңейту туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылының жалпы бизнес процесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «эксаумақтық» ұстаным бойынша көрсету кезінде мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тәртібінде» көрсетілген.

Салық төлеушілерден қабылданған құжаттардың түпнұсқаларын өндеуді жүзеге асыратын МКБ–на міндетті түрде жіберілетін құжаттардың тізімдемесін жасай отырып, айына бір рет жолдануы қажет.

Құжаттарды қабылдау үшін жауапты Орталық қызметкері Стандарттар мен Нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес 1-қосымшада көрсетілген салықтық өтініштер мен салық есептілігінің нысандарын қабылдайды.

Экстерриториалдық қағида бойынша мемлекеттік қызметтер тізімі жайлы кез келген аумақтық мемлекеттік кірістер органдарынан толық ақпарат алуға болады.

Приложение 1

№ Қызмет коды Қызмет атауы

01 Жеке кәсіпкерді тіркеу

02 Салық төлеушілерді тіркеу

03 Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу

05 Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы, салық мiндеттемесiн орындау үшiн бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы жеке шоттан үзiндiлер, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару жөнiндегi мiндеттемелер туралы ақпарат

беру , міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу

06 Қазақстан Республикасында көздерден алынатын табыстар мен салықтардың ұстап қалғаны (төленгені) жайлы ақпарат беру

07 Қазақстан Республикасының резиденттігін растау

08 Салық есептілігін ұсынуды ұзарту (жалғастыру, жаңарту)

09 Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру

10 Салық есептілігін қабылдау

11 Салық есептілігін алып тастау

12 Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, айыппұлдарды, өсімпұлдарды төленген сомаларды өтеуді және қайтаруды жүзеге асыру

13 Төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару

14 Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзімін өзгерту

15 Салық салынатын объектілердің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебін жүргізу

 

Шет ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 


Келулердің саны: 79


Жоғары