print

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттеріне төленетін түсімдер туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамалығымен Қазақстанның мемлекеттік құрлысын реформалау 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарына сәйкес ауылдық округтың, ауылдық, селолық, поселоктік деңгейде қазіргі уақытта мемлекеттік бюджеттің дербес деңгейі 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді.

Сондай ақ, аудан маңызындағы қалалардың, селоның, поселоктің, селолық округтың қатысты салық төлеушілер келесі салық түсімдерінен қалыптасады:

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық өңірлік территорияларында тіркелген тұлғалар бойынша төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша (101202 БЖК);

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық өңірлік территорияларында мүлік табылған жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық бойынша (104102 БЖК);

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент жер учаскелерін табылған елдi мекендер жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы бойынша (104302 БЖК);

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент территорияларында тіркелген тұлғалар бойынша заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық бойынша (104401 БЖК);

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент территорияларында тіркелген тұлғалар бойынша жеке тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық бойынша (104402 БЖК);

Kөрсетілген салықтарды төлеген уақытта салық төлеушілердің жеке шотына соманы уақытында есепке алуға және өсімпұлды есептеуге жол бермеу үшін поштаның және банктік ұйымдардың төлем құжаттарында ақша қаражатын алушы – ауылдық округтердің БСН-ын дұрыс көрсету қажет.

 

 

Шет ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы


Келулердің саны: 85


Жоғары