print

Шет ауданы Талды ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

...

2018 жылдың 11 қазаны күні Шет ауданының аумағын дамыту бағдарламасына сәйкес Шет ауданының Талды ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы болды.

Өрт сөндіру бекетінің ашылуы және жұмысы осы елді мекенде болған өрттер мен дала өрттері кезінде шұғыл іс-әрекет етуге, қауіпсіздікті қорғауын жоғарылатады, өрттердегі адам өлімін және жарақат алуларын қысқартады, өрттерді дер кезінде жоюға және өрттен келген шығындарды азайтуға көмектеседі. Өрт сөндіру бекетін ашылу салтанатына Шет ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Б.Арыстанбеков, Шет ауданы әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас маманы Ә.Құлсаров, Талды селолық округінің әкімі Б.Төлеуов және жергілікті тұрғындар қатысты.

Шет ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Б.Арыстанбеков сөз сөйлеу барысында ауылдықтарды құттықтап және өрт болмауын тіледі. Өрт сөндіру бекеті - ол жылу берілген гараж, ал бекеттің негізгі көлігі – Газ-66 өрт сөндіру автокөлігі. Көлік өрт сөндіруге арналған негізгі өрт-техникалық қару-жарақпен қамтылған, қосымша өрт сөндіру мотопомпасы бар. Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өрт сөндіруге арналған жауынгерлік киімдерімен  және құралдарымен жарақтандырылған.

 

Шет ауданының ТЖ бөлімінің бас маманы

азаматтық қорғау майоры Д.Бөкебаев


Келулердің саны: 240


Жоғары