print

«Латын әліпбиіне көшу заман талабы»

«Латын әліпбиіне көшу заман талабы» Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласында қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қазақ халқының алға жылжуына жаңа заман талабына сай – өсіп өркендеуіне әкелері сөзсіз. «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық  дәрежеге жетуіне жол ашады» деген болатын. Бұл үрдіс қазақ еліне ешқандай жат еместігін, тамыры сонау ежелден таралғанын тарқатып, елбасымыздың көреген көшбасшы ретінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  халықты бастауы айқын сара жолға бастайтынын атап көрсетті. Осы орайда Тағылы ауылдық кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен Тағылы ауылдық Мәдениет үйінде «Латын әліпбиіне көшу заман - талабы» атты әдеби  - сазды кеш өтті.  Ауыл тұрғындары, зейнеткерлері, Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп ұстаздары, Тағылы ауылдық округінің әкім апаратының мамандары, дәрігерлері мен студенттер тағы басқа кітапхана оқырмандары қатысты. Кешті ашқан кітапханашы Н.Кенжешова мен Абай орта мектебінің 7 сынып оқушысы Е.Ақтанов тіл туралы қызықты деректерден үзінді оқып тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатынымыз, латын – әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жолш ашатыны және түбі түркі дүниесімен жақын танысуға мол мүмкіндік болатыны айтылды. Абай атындағаы жалпы білім беретін орта мектептің 4 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранына сап түзеп Әнұран орындалды. Абай орта мектебінің кітапханасының кітапханашасы Б.Сембаева баяндама оқыды.Тағылы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Омарбекова «Латын әліпбиі» атты кітап көрмесімен көрермендерді таныстырып өтті. Кеште Тағылы ауылдық округінің әкімі Р.Ашенов сөз алып, бүгінгі көтеріліп отырған басты мәселе қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы өз ойын білдірді. Келесі сөз кезегін алған ауылымаздың тіл жанашыры Б.Игенов сөз алып латын әліпбиіне көшу заман талабы көзді жұма білек сыбана кірісек ешқандай қиындық тудыра қоймайтынын латын әліпбиі бұрында қазақ еліне жат еместігін айтып Тағылы акуылдық округі туралы энциклопедиясын кітапханаға сыйлады.Абай атындағы орта мектептің оқушылары Б.Нұрлыбек, Ж.Қанат, А.Серік, Е.Мыңқай қатысуымен Ана тілі кітабы атты көрініс қойып, Ана тілі кітабына гүл шоғын қойып бас иді, жыйылған жұртты тан тамаша қылдырды. «Мақал – сөздің мәйегі», - деп сөз кезегі аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал – мәтел айтушыларға берілді. Енді қонақтар латын әліпбиін қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беріп, сый – сияпат берілді. Тағылы ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі М.Ажарбековтың орындауында «Жаса қазақ» атты әнін тарту етті. Кеш сонында ауыл тұрғындары латын қарпіне көшуді қолдайтындықтарын білідіріп, әдеби – сазды кеш өз дәрежесінде өтті.

                                           

                                           Тағылы ауылдық кітапханасының

кітапханашылары:  Н.Кенжешова, Н.Омарбекова

 


Келулердің саны: 211


Жоғары