print

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды:

...

Есепке алу-бақылау таңбасының белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбасы бар алкоголь өнімінің айналымын әшкерелеу, сондай-ақ жасырын алкоголь өнімдерін сатуды барынша азайту мақсатында «Вайпойнг» ЖШС-мен алкоголь өнімдерін көтерме және жеке саудада өткізетіндер үшін «Wipon Pro» жетілдірілген жүйесі өңделіп, келесі модульден тұрады:

1. Есепке алу-бақылау таңбасындағы (бұдан әрі – ЕБТ) штрих-кодын сканерлеу арқылы жасырын алкоголь өнімінің айналымын анықтау үшін «Wipon Pro» мобильді қосымшасы. Apple App Store мен Google Play Market-те жүктеу үшін қосымша қолжетімді;

2. «Wipon Pro Scan» мобильді қосымшасы, Android негізінде лазерлі сканер орнатылған өнеркәсіптік мобильді компьютерлермен үйлесімді. Google Play Market-те қосымшаны жүктеу 2017 жылдың тамызынан бастап қолжетімді;

3. Windows операциалық жүйесі бар дербес компьютерлер мен ноутбуктер үшін «Wipon Pro» бағдарламалық жасақтама. Бағдарламалық жасақтаманы жүктеу 2017 жылдың тамызынан бастап www.wipon.pro ресми сайтында қолжетімді.

Қосымша: «Wipon-pro» сервисын таныстыру рәсімі.

 


Келулердің саны: 680


Жоғары