print

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ

Жыл сайын елімізде Қарттар күні тұрақты аталып өтіледі. Әрқашанда қоғам аға буын өкілдеріне зор құрмет көрсетіп, олардың аса құнды кеңестері мен ақыл парасатын, ғұмырлық ғибратын үлгі тұтатын болғандықтан аса қастерлі мейрам. Бұл тәуелсіз еліміздің дамуына және қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан аға ұрпақ өкілдеріне деген еліміздің үлкен құрметінің, зор қамқорлығының белгісі. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан, жылдар жүзіне терең із қалдырған қарттарға деген қамқорлық аясы да кеңейе түскен. Өмірінің көбі кетіп, азы қалған қарттар мен өмір тауқыметін бастан кешірген мүгедектерге құрмет көрсету ұлттық дәстүрімізге сай келетін тамаша іс. Бір сөзбен айтқанда дәстүр сабақтастығы.

Өткен жұмада аудан орталығындағы «Ақсу-Аюлы» мейрамханасында қарттарға арналып түскі ас берілді. Біздің қарияларымыз - еліміздің алтын қоры, салт-дәстүрдің шырақшылары, патриотизм мен іске адалдықты, асқан төзімділік пен табандылықты, қалыптастырушы буын. Осынау шараға аудан әкімі М.Жандәулетов те арнайы қатысып, қарияларды құттықтады. Қарттар күніне аудандық мәдени сауық орталығының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. Жасы егде тартқан, жүздерінен жылдар өз ізін қалдырған аяулы қарттарымызға көптеген жылы сөздер айтылған. Бас қосуда аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Қ.Сейілбеков, аудан әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі төрайымы Р.Төлегенова, «Аманат» мүгедектер қоғамының төрағасы А.Қасым, қарттар күнімен құттықтап, осындай қайырымдылық шарасын өткізуге бастама көтерген аудан әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.

Қарттар күніне орай өткізілген қайырымдылық іс-шарасына шаруа қожалығының жетекшілері С.Шохабаев, М.Омарбеков, С.Қасым, Н.Сәкенов, Е.Халилиндер қой берсе, аудан мекемелері қаржылай, басқа да қолдан келетін көмектерін аямады. Өздеріне көрсетілген Ықылас пен қошаметке риза бол ған қарттар мен ақ жаулықты аналар алғыстарын білдірді. Қоғамымыздағы бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық біздің балаларымыз бен немерелерімізге ертеңгі күнге деген сенімді кепіл, әрі аға ұрпақтың тамаша дәстүрлерін келешекте жалғастырып, байыта түсулеріне мүмкіндік береді, - деген сенім әр көңілде атойлап тұрғаны анық.


Келулердің саны: 2887


Жоғары