print

ҰСТАЗДАРЫМ, БИІК ТҰЛҒА БАЙСАЛДЫ

   Білім беру саласының қызметкерлері, ұстаздар күні мерекесі биыл аудан орталығында жылдағыдан ерекше өткізілді. «Қазығұрт» мейрамханасында ұйымдастырылған «Көгілді от»     кешіне арнайы шақырылған ұстаздарды аудан әкімі М.Жандәулетов мерекемен құттықтап, білім және ғылым министрінің тағайындаған Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісін   Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі К.Ибраеваға табыс етсе, облыс әкімінің арнайы сыйақысына ие болған осы мектеп- гимназияның физика пәнінің мұғалімі Ж.Сыздықованы «Үздік пән мұғалімі» номинациясын жеңіп алуымен құттықтап, гүл шоғын тарту етті. Бұдан соң облыс әкімінің сертификаты, аудан әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаты бірнеше ұстаздарға табысталды. Білім беру саласында кәсіби біліктілігі мен шығармашылық дамуы жолында аудан, облыс және республика көлемінде жоғары жетістіктерге ие болған педагог қызметкерлерді қолдау мақсатында   аудан әкімінің арнайы сыйақысы «Үздік география пәнінің мұғалімі», «Үздік ағылшын тілі пәнінің мұғалімі», «Үздік бастауыш сынып мұғалімі», «Үздік орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі» номинациялары бойынша ұстаздар марапатталып, «Жылдың үздік ұстазы» номинациясын Ақжал кентіндегі Ш.Батталова атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Әбеужанова Алма Бақытқызы жеңіп алды.

Мерекеде шәкірт тәрбиелеу- де жетістіктерге қол жеткізген пән мұғалімдеріне облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын аудандық білім бөлімінің   басшысы Е.Смағұл табыс етті.

Мерекеге орай өткізілген «Көгілдір от» кешінде ұстаздарға арналып ақ дастархан жайылып, дәм берілді. Мерекеде аудандық мәдени-сауық орталығының әншілері мен «Ғұмыр», «Жігіттер» тобы әсем әннен шашу шашып, барлық қатысушылардың «Атамекен» әнін қосыла шырқауымен аяқталды.

 

                 


Келулердің саны: 2547


Жоғары