print

ЖАҢА ЕМХАНА ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдық мерейтойы аясында халықтың игілігі үшін Өспен ауылында пайдалануға берілген амбулаторияның ашылу салтанатында облыстық мәслихаттың хатшысы Р.Әбдікеров сөз сөйлеп Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақ- ты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында үстіміздегі жылы аудан бойынша бірнеше дәрігерлік-амбулаториялар салынып, халық игілігіне берілмекші, соның бірі осы ауылға салынған ғимарат екенін айтып, салтанатқа жиналған көпшіліктің осынау қуанышты сәтіне ортақтастығын жеткізді.          

    Мұнан соң аудан әкімі М.Жандәулетов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аудан елді мекендерінде көптеген игілікті шаралар жүзеге асырылып жатқандығын, келесі жылы басқа да ауылдарда осындай сәулетті дәрігерлік-амбулаториялар бой көтеретіндігін айтып, ауыл тұрғындарын қуанышты сәтімен құттықтады. Өлкетанушы Ф.Нұржанов, «Жібек жолы» ЖШС төрағасы, мердігер М.Түсіпбековтер де құттықтау сөздерін арнады. Салтанат ажарын аудандық мәдени-сауық орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы айшықтай түсті.

    Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатында облыстық мәслихаттың хатшысы Р.Әбдікеров, аудан әкімі М.Жандәулетов, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов, еңбек ардагері Т.Мақажанов лента қию рәсімін жасады. Ақ әжелер шашу шашысты. Жақсыны көрмекке деген көпшілік дәрігерлік амбулатория ішіне кіріп тамашалады. Жаңа типті көркем ғимараты көз тартарлық.

 

 

 

 

 

  


Келулердің саны: 3138


Жоғары