print

Ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында кент бойынша Ю.Гагарин атындағы мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде

...

Ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде «Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020-2021» бағыты аясында кент бойынша Ю.Гагарин атындағы мектептің 2-3 қабатындағы ішкі дәретхана жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жұмысты жасауға жауапты " Рентал "ЖШС -і тиісті жұмыстарды жүргізуде. Аталған жоба бойынша 3 жұмыс орыны құрылып, 1 адам халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа орналастырылды.


Келулердің саны: 172


Жоғары