print

Қарағанды облысындағы COVID-19 жаңа жағдайлары туралы

...

Қарағанды облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың тағы төрт жағдайы тіркелді.

 

Қарағанды қаласында бір науқас - 1953 ж. т. ер адам бұрын жұқтырғандармен байланыста болғандықтан карантиндік госпиталде жатқан.

Теміртау қаласында үш адам вирус жұқтыру оқиғасы тіркелді: бір жасөспірім (2004 ж.т.) және екі әйел (1977 және 1985 ж. т.). Барлық пациенттер карантиндік стационарда жатқан, себебі бұрын науқастармен байланыста болған.

ПТР-талдау барлық төрт адамда COVID-19 растады. Пациенттер инфекциялық стационарға жатқызылды.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында жұқтырудың 132 оқиғасы анықталды, оның ішінде бір науқас көз жұмды және 43 адам шығарылды. 


Келулердің саны: 186


Жоғары