print

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІҢДЕГІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ РЕЙД ЖҮРУДЕ

Елімізде еңгізілген төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында аудан әкімі М.Мұхтаровтың «Шет ауданында санитарлық – профилактикалық шараларды жүзеге асыру туралы» 2020 жылдың 17 наурызында № 13 өкімі шыққан болатын.

Осыған орай, аудан әкімдігінде осы өкімнің іске асуын қадағалайтын штаб құрылып, тиісті Заң талаптарына сәйкес, көптеген бақылау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі мен аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінен біріктірілген мобильді топ жуырда ауданымыздағы дүкендер мен қоғамдық нысандарға рейд жұмысын жүргізді.

Рейд барысында кафелер мен қоғамдық тамақтану орындары, дәріханалар мен азық-түлік және тауарлар сатылатын сауда нысандары тексерілді. Нәтижесінде төтенше жағдай кезеңінде тиісті Заң талаптарын сақтамаған 6 нысан иесіне әкімшілік - құқық бұзушылық Кодексінің 476 бабының 6 тармағына сәйкес хаттама толтырылып, сотқа жіберілді. Сот жіберілген хаттамаларды тексере келе 3 сауда орнының бір иесін – 3 тәулікке, екеуін – 1 тәулікке қамау және қалған нысан иелеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Айта кетелік, бүгінгі күнде төтенше жағдай кезінде қойылған шектеу уақытынан кейін барлық қоғамдық орындарда санитарлық – дезинфекциялық жұмыстарын жүргізу күшейтілген.

Сондай-ақ, азық-түлік сатылатын орындарда тазалықтың қатаң сақталуы, нан өнімдерінің арнайы қаптамалармен сатылуы, қызметкерлердің міндетті түрде медициналық маска мен қолғап киіп жұмыс жасауы, келушілерге арналған бірнеше антисептикалық құрылғылардың болуы, залалсыздандыру жұмыстарының күніне бірнеше мәрте жүргізілу қажеттілігі басты назарда болмақ.

Алдағы уақытта да барша аудан тұрғындарынан «Мемлекетіміздегі пандемия кезеңінде ауданымызда коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 2 қаулысын қатаң сақтауларын сұраймыз.

                                               Шет ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 262


Жоғары